Темірдің ең көп кездесетін табиғи минералдары:
Fe3O4 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe) Fe2O3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe) Fe2O3 · 3H2O лимонит (50% Fe) FeS2 пирит немесе темір колчеданы (52% Fe) Темір минералды сулардың құрамына сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат Fe(HCO3)2 түрінде кіреді. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.
Темірдің биологиялық маңызы.Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ұлпа , қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің ағзамызға тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.Темір оттекті байланыстыру және тасымалдауды қамтамасыз етеді.Эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға таратып,ағзадан көмірқышқыл газын шығарып отырады.Оттек өте күшті тотықтырғыш,ал құрамында темір болғандықтан гемоглобин оттекті тасымалдайды.Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызмет етуіне ,қан түзілу үрдісіне,ағзада зат алмасу үрдісіне қатысады.Темір атмосфералық азоттың фиксациясы кезінде және өсімдіктердегі фотосинтезде жүретін реакцияларға қатысады. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.Өсімдіктерде темір жетіспесе хлорофилдің түзілуі баяулайды өсімдіктердің жас жапырақтары түсіп,түсін жояды,хлороз(сары түс) ауруына шалдығады. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық (анемия )ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу , көп қан кету т.б. пайда болады. Ағзада темір жеткіліксіз болғанда адамның өңі жүдеу, беті шырайсыз, терісі сырқат, бас ауруы жиі, ашуланшақ, тыныс алуы үстірт және жиі болып келеді.Ондай адамдар әр түрлі ішек-қарын ауруларына ,іштің қатуына шалдығып, оларды жүрек айну және құсу жиі мазалап, кейінірек терісі мен шаштары трофикалық өзгерістерге ұшырайды(шаш жиі түседі,тырнақ жұмсарып, ұшы сына бастайды.). Анемияның ауыр түрі тағам құрамында темірдің жеткіліксіз болуынан ғана болып қоймай, В тобындағы, әсіресе В12, В6 және С, P дәрумендерінің тапшылығынан да болады. Бұл дәрумендер темірдің жақсы сіңуіне көмектеседі.Темір қара нанда,бұршақта, сары майда, қалақай өсімдігінде , етте,асқабақта, итмұрын тұнбасында, қара өрікте,жүзімде, жаңғақта, күнбағыста, қарақұмықта, малдың бауырында жеткілікті болады.