Темірбеков Алтынбек Темірбекұлы (аты-жөні) " 2 " 10. 2015 №1 18 а бұйрықпен бекітілген жұмыс тақырыбы "Blender 3D " бағдарламасы



бет4/12
Дата25.01.2022
өлшемі4,23 Mb.
#24336
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Blender 3D

Дипломдық жұмыс құрылымы - кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде үш өлшемді графиканың мақсаты мен өзектілігі туралы айтылады.

3D-анимация жасау және оны қолданатын салалардың сұранысына байланысты жаңа ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Компьютерлік ойындар, видеороликтер, кинофильмдер, теледидарлық қойылымдар мен мультипликация компьютерлік технология арқылы құрылып, адамзат тіршілігі мен қызметінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Үшөлшемді компьютерлік моделдеу арқылы жарнамалық роликтер, видеоклиптер, сайттардың дизайнын жасау, қарапайым анимация, күрделі үшөлшемді фильмдер, арнайы эффектілерді құру мүмкіндігі зор. Кең таралған компьютерлік және ұялы телефондарға арналған ойындар тәрізді керемет туындыларды жасауға арналған үшөлшемді программалық өнімдер өңделген және олар жыл сайын жаңартылып, үнемі даму үстінде.

3D-анимация технологиясы ұқсастырылып жасалған компьютерлік моделдерді жандандырып, нақты өмірдегі кейіпіне келтіруге мүмкіндік береді. Осы жобада компьтерлік моделдеу, анимация жасау және визуалдау үшін қолданылған Autodesk 3DS Max программасы 3D модельдеуге, анимациялауға және изациялауға арналған программа болып табылады. Оның ішінде түрлі кинофильмдерді және анимациялық видеороликтерді, телевизиялық қойылымдарды, қазіргі заманғы компьютерлік ойындар презентацияланатын материалдарды құруға арналған үлкен өнімді құралдары бар. Бұл программа 3D модельдеу, анимация, визуализация және эффектілер құруға арналған толық функционалды шешім бола алады.

Үшөлшемді модельдеу программасының мүмкіндіктері шығармашылықпен айналысатын суретшілердің де таптырмас құралына айналған тәрізді. Қолмен салған сурет өнерінде үшөлшемді әлем элементтері көлеңке мен бояу арқылы беріліп, суретші ойының толық жүзеге асырылуына шектеу қояды. Кибернеткалық кеңістікте жұмыс істеу сол шектеуді жояды және салынған көрініс объектілерін нағыз табиғи қалпына ұқсас түрде тамашалауға мүмкіндік береді. Бұған әрине әрбір объектінің өзіне ғана тән бояуы мен материалы, текстурасы, жарықтандыру техникасы арқылы қол жеткізіледі. Үшөлшемді кеңістікте көріністі жан-жағынан кез-келген бағытта трансформациялау арқылы сансыз кадрлар тізбегін жинақтап, олардың жандандырлған қоғалысы алынады.

Бұл дипломдық жобада алынған ұшөлшемді анимациялық бейне де осы мүмкіндіктердің бір нәтижесі болып табылады. Компьютерлік графиканың құралдарын өз шығармашылық талабында пайдалану және оны қоғамда маңызды қолданыс тапқан мақсатта ұсыну жобаның жаңашылдығы болса, оны меңгеру аса зор уақыт пен шыдамдылықты талап ететін күрделі еңбектің бір түрі болып табылады. 3D анимациялық моделдеуде графика, дыбыс, анимация және визуалдау гармониясы өз нәтижесін береді және одан көрерменнің нақты шын әсер алуына ықпал етеді.

Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде 3D – технологиялардың мүмкіндіктерін сапалы зерттеліп, соның ішінде технологияларға жалпы шолу жасалынған, олардың негізгі мүмкіндіктері мен қолданыс салалары қарастырылған.

Дипломдық жобаның екінші бөлімінде үшөлшемді персонаждарды компьютерлік модельдеуге қажетті программалық қамтамасыздандыру негіздері, модельдеу әдістері және анимацияны рендерингтеу тәсілдері қарастырылған. 3D анимациялық жобаның жасалу үрдісі тізбектей баяндалған және нақты бейнелердің құрылу кезеңдері көрсетілген.

Дипломдық жобаның үшінші бөлімінде Blender бағдарламасы туралы айтылады. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері, шығу тарихы мен қазіргі уақыттағы мүмкіндіктері қарастырылады.

Жалпы алғанда жоба нәтижесі қазіргі кезде қарқынды түрде дамып бара жатқан компьютерлік анимация саласының бір көрінісі ретінде өз көрерменіне ие болып, осы бағыттағы салаларда қолданыс табуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет