2.2 Blender бағдарламасын қолданудың қосымша ерекшеліктері
3D технолгиялардың қолданылуына тоқталатын болсақ, ол компьютерлік графиканың озық үлгілірінің бірі ретінде әр түрлі салаларда жан жақты мақсатта жиі қолданылады. Олардың кейбірі төменде қарастырылған.
Ғылыми графика бастапқыда ғылым мен өндіріс саласында қолданылған. Алынған нәтижені түсіну үшін графикалық өңделулер жүргізіліп, диаграммалар мен сызбалар жасалынған. Алғашқы графика символдық баспа түрінде алынды. Содан кейін арнайы плоттерде шығарылды. Қазіргі ғылыми компьютерлік графикада нәтижені көріп отырып, есептеуге мүмкіндік бар.
Іскерлік графика түрлі мекемелер көрсетуге ұсынған компьютерлік графика болып табылады. Жоспарлық көрсетулер, есептік құжаттар, статикалық шығарулардың барлығы іскерлік графика көмегімен іске асады. Іскерлік графиканың програмалық ортасы электронды кесте құрамы болып табылады.
Құрастыру графикасы жаңа технологиялар негізіндегі архитекторлар мен инженер-құрастырғыштар жұмысында қолданылады. Бұл графиканың көмегімен үшөлшемді кеңістікте бейнені құрастыруға болады.
Иллюстративті графика компьютер экранында сызу мен салуға арналады. Ол жалпы қолданбалы программаның қамтамасына кіреді.
Көркемдік және жарнамалық графика көмегімен көптеген жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видео сабақтар мен презентациялар жасалынады.[20]
Компьютерлік анимация – бұл экран дисплейінде бейненің қозғалысын алу мүмкіндігі. Мұнда суретші экранда бейненің басынан соңына дейінгі әрекетін компьютерге салады да, олардың математикалық сипатын береді. Мультимедиа – бұл жоғары сапалы бейненің компьютер экранында дыбыспен сәйкестеліп бірігуі. Ол білім, жарнама және ойын-сауық саласында кеңінен қолданылады.
Қолданылатын салалары:
– архитектуралық жобалау мен интерьерлік конструктрлеу;
– теледидар үшін жарнамалық және ғылыми танымал роликтер дайындау;
– компьютерлік мультипликация және фантастикалық сюжетті фильмдер түсіру;
– компьютерлік ойындар мен кітаптар үшін иллюстрация дайындау;
– көркем компьютерлік графика, Web-дизайн;
– кеңістіктегі бейненің дамуы;
– арнаулы эффектілер.
3D модельдеу және анимация технологиясында келесі бөлімдер болуы тиіс:
– базалық және жетілдірілген модельдеу;
– базалық және бейнені анимациялау;
– интерактивті 3D графика және виртуалды шындық.
Үш өлшемді кеңістіктегі технология архитектуралық визуалдауда, автомобиль жарнамалары мен компьютерлік ойындар жасауда қолданылады. Үшөлшемді компьютерлік графика – өте кең сала, ол машина жасауда, архитектурада, құрылыста, медицинада, археологияда, тренажерлар құруда, кино мен теледидарда қолданыс тапқан.
Компьютер технологияларының пайдалануы жобалауда және интерьердiң әрлендiруiн әзiрлеу барысында көп уақытта жасалған жұмыстың түпкi нұсқасын қарауға көмектеседi.
Үшөлшемді графика әртүрлі обьектілердің (креслолар, дивандар, орындық және тағы басқалар) әр түрлi объектiлердi үш өлшемдi макеттер, олардың геометриялық пішінін және дәл келтіріліп жасалған материалдарды құруға мүмкіндік береді. Обьектінің дайын нұсқасын алу үшін оны барлық жағынан айналдыра, әр түрлі нүктелерін, жарықтығын қарау керек. Үшөлшемдi графика енді салынып жатқан келешек коттедждiң қабаттарымен виртуалды серуен жасауға ролик құрастырады.
3D принтер атымен белгілі технология әлемдік экономикада ірі жаңалықтар жасап, қалыптасқан мануфактура тәртібі мен әлемдік саудадағы тепе-теңдікті өзгертіп жіберуі мүмкін. 3D принтер компьютердегі үш өлшемдік суреті бар файлдарды қабылдап, пластик, смола, керамика, металл, тағы басқа материалдардың қабаттарын бір-бірінің үстіне жинап, одан тауар жасап шығарады. Инженерлер мен дизайнерлер автоматтандыру мен ғарыш саласында түпнұсқаны жасау үшін осы технологиягы ондаған жылдардан бері пайдаланып келеді. 3D принтер арқылы жасалған көптеген құрамалы бөлшектер ұшақтарда, адамсыз ұшатын аспаптарда және спутниктерде қолданылатын. Мамандар медицина саласында титаннан сүйектің көшірмесін және керамикадан тіс протездерін жасау үшін үш өлшемді кескінді қолданады. Компьютер дәуірінде 3D принтер технологиясы шапшаң дамып, құралдың бағасы да тез арзандап барады. Бір кездері жоғары өндірістің санаулы саласында шектеулі болған технология кеңінен таралып, қарапайым халықтың сатып алуына қолайлы бола түсті. Сән дизайнерлері де асыл тастан бұйымдар жасап, киім тіккенде және нейлон сияқты материалдарды қолданғанда осы технологияны пайдаланады.
Архитекторлар үйлерді жобалағанда 3D принтерді қолдану әдістерін меңгеруге тырысып, тіпті түгелдей 3D принтердің көмегімен жасалған үй салу деген бәсекеде басталған. 3D принтер өндірісі қоғамды барлық виртуалдық қырынан сомдайды, фабрикалар арзан тауарлар шығарады және тауарларын жекелеген тұтынушылардың қалауына үндес етеді. Бірнеше жылдан соң киім сататын дүкенге барғаныңызды былайша елестетуге болады. Сатушылар ең әуелі сіздің дене пішініңізді сканерге түсіріп алады да, ол ақпаратты сіз сұраған киімді принтерден шығарып беретін аппаратқа жібереді.
Бүгінде 3D анимациялық видеороликтерге, кинофильмдерге, компьютерлік ойындарға, телевизиялық қойылымдар мен мультипликацияға деген үлкен сұраныстың болуы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына әкеліп соғуда.
Компьютерлік графика саласында түрлі салалар үшін жарнамалық роликтер, видеоклиптер, сайттардың дизайнын жасау, яғни қарапайым анимациядан бастап, күрделі 3D кинолар мен видеоэффектілерді құруға дейін түрлі қолданысқа керекті дүниелерді дайындауға үлкен мүмкіндік бар.
Компьютерлік ойындар мен ұялы телефондарға арналған ойындардың бәрі көптеген объектілерді (әскер, қару-жарақ, техника және т.б.) құруды қажет етеді. Осындай керемет туындыларды жасап шығару үшін үш өлшемді кеңістікте түрлі программалар арқылы іске асуда.
Үш өлшемді графика (3D – ағылшынша three dimensions — «үш өлшем») үш өлшемді кеңістіктегі объектілерді жүзеге асырады. Үш өлшемді компьютерлік графика кинода, анимациялық бейнелерде, мультфильмдерде және компьютерлік ойындарда кеңінен қолданылады.
3D-графикадағы барлық визуалды түрлендірулер матрицамен басқарылады. Компьютерлік графикада үш түрлі матрица қолданылады:
– бұрылыс матрицасы;
– қозғалыс матрицасы;
– масштабтау матрицасы.
Үш өлшемді кеңістіктегі анимациялық бейнелерінің қозғалысына дыбыс, жарық және эффект сияқты түрлі әрекеттерді қосу арқылы өңдеу негізінде қалыптасатыны белгілі.
Анимациялық видеороликте классикалық видео түсірілімдердің сәйкес келетін 3D анимация технологиясымен тізбектелінеді. Бұл деген сөз кез келген бейнені шынайы кейіпке келтіру болып табылады. [21]
3D кеңістігінде модельдеуге, анимациялауға және визуализациялауға арналған көптеген бағдарламалар бар. Оның ішінде түрлі кинофильмдерді және анимациялық видеороликтерді, телевизиялық қойылымдарды, қазіргі заманғы компьютерлік ойындар презентацияланатын материалдарды құруға арналған үлкен өнімділікті құралдары да жеткілікті. Олардың негізі 3D модельдеу, анимация, визуализация және эффектілер құруға арналған толық функционалды шешім бола алады.
3D кеңістігінде жұмыс жасайтын бағдарламалардың жаңа нұсқаларында бейнелерді тез және дұрыс жасауға, компьютерлік графика эффектілері мен қызықты ойындар құрастыруға құралдар іздейтіндер сөзсіз өз бағаларын береді.
3D анимация – бұл уақыт кеңістігі аралығында 3D модельдердің автоматтану арқылы түрленуі, қалыптасуы, белгілі бір негізге келуі болып табылады.
3D кеңістігіндегі анимация – бұл үш өлшемді кеңістіктегі объектілердің, жарықтардың, материал немесе камераның белгілі бір уақыт аралығында әртүрлі өзгеріске келуі.
3D кеңістігінде қалыптасатын анимациялар негізінен үш тәсіл бойынша жасалады. Бірінші және ең қарапайымы - бұл бүтін объектінің ешбір өзгеріссіз қалыптасуы мен негізге келуі.
Екіншісі – бұл динамикалық негіз арқылы белгілі бір қалыпқа келу болып табылады.
Үшіншісі – ең күрделі әрі ерекше сипатта қолданысқа енетін объектілердің анимация үшін қолданылуы, яғни қаңқа түріндегі анимация жатады.
Өз кезегінде, 3D кеңістігінде анимацияларда үш түрлі әдіс тұрақты түрде қолданылады: кілттік кадр бойынша анимация, қисық қозғалысты анимация, траектория бойымен алынған анимация.
3D кеңістігіндегі кілттік кадр бойынша алынған анимация өз қағидасына сәйкес дәстүрлі түрдегі аниматорлар жұмысына өте ұқсас болып келеді, мысалы, бас суретші сурет салуда басты кілттік кейіпкерді салатын болса, ал көмекші суретшілер аралық кадрдағы кескіндерді салуы.
3D-модельдеу дегеніміз – үш өлшемді кеңістікте объект моделін құру үрдісі болып табылады. 3D-модельдеудің негізі – қажетті объект кескінін көлемді сипатта қалыптастыру арқылы өңдеу. Үш өлшемді графиканың көмегімен нақты сипатты қалыптастырып, тиісті объектінің жаңа түрін құру.
Анимация (француз сөзінен алынған animation – тірілу, жан бітіру) немесе мультипликация – бұл объектінің, жарықтың, материалдың және камераның белгілі бір уақыт аралығында әр түрлі жағдайға өзгеруі. Негізгі анимация түрлері:
объектіні қалыптастырушы анимация (масштабтау, орын ауыстыру, қалыптастыру);
камера анимациясы;
техникалық үрдіс анимациясы;
объектілердің динамикалық сипатау анимациясы;
кескіндеу анимациясы;
динамикалық симуляция анимациясы.
Компьютерлік анимация – экран дисплейінде бейненің қозғалысын алу мүмкіндігі. Мұнда суретші экранда бейненің басынан соңына дейінгі әрекетін компьютерге салады да, олардың математикалық сипатын береді.
Мультимедиа – бұл жоғары сапалы бейненің компьютер экранында дыбыспен сәйкестеліп бірігуі.[22]
Компьютерлік графика ұғымы компьютер көмегімен суреттер мен сызбалардың құрылуы екендігі түсінікті болса, ал компьютерлік анимация – компьютерлік сурет әрекеттерінің немесе моделінің сәйкесінше кеңінен қолданылуы болып табылады. Жалпы компьютерлік анимация – компьютер көмегімен құрылатын анимация.
Кез келген анимациялық видеороликті, мультфильмді немесе киноны қарағанда статикалық бейнелердің (кадрдың) бірінен соң бірі тез алмасуы байқалады. Осылайша, адам көзі бір кадрдің басқа кадрге қалай ауысқандығын көре алмайды. Жеке фильм кадрлары, компьютерлік анимация, сол сияқты графика анимация түріне байланысты болады. Ол кадрланған немесе трансформацияланған деп аталады.
Кадрланған анимация жеке бейнелердің бір-бірінен жоғары жылдамдықта алмасып, сақталатын кадрлар жиынтығын береді.
Кадрланған анимацияның басты артықшылығы құрудағы көрінушілік негізі және шығармашылықтағы үлкен мүмкіндігі. Ал кемшілігі фильмді құрудағы үлкен еңбекті қажетсінуі және сандық түрде кадрланған анимацияны сақтаудағы мәселелердің орын алуы.
Анимациялық видеороликтердегі әрбір кадр сақталу барысында компьютер жадының кеңістігінде белгілі бір орын алады. Сондықтанда оны қысылған түрде сақтау керек.
Трансформацияланған анимация кадрланған анимациядан айырмашылығы – мұндағы кадрлар жеке-жеке сақталмайды. Оны құру үшін екі кадр құрылары, яғни алғашқысы және соңғысы. Бұл кадрлар кілттік, ал қалғандары кілттік кадрлар негізінде қалыптасатын болады. Трансформацияланған анимация векторлық графика негізінде құрылады.
Анимация кадры бейнелердің бірнеше бөліктерінен тұратын. Кадрлар бірі екіншісіннің орнын белгілі бір жылдамдықпен алмастырып отырады, нәтижесінде объектілер бізге қозғалатын сияқты көрінеді. Көрсету жылдамдығы кадрда есептеледі. Көрсету жылдамдығы мен визуализацияланатын кадрлар саны анықталғаннан кейін, кадрлар тізбегінің визуализациясын бастауға болады.
Анимация кадры бейнелердің бірнеше бөліктерінен тұратын. Мұндағы кадрлар бірі екіншісінің орнын белгілі бір жылдамдықпен алмастырып отырады. Нәтижесінде объектілер қозғалатын сияқты көрінеді. Көрсету жылдамдығы кадрда жеке-жеке есептеледі. Көрсету жылдамдығы мен визуализацияланатын кадрлар саны анықталғаннан кейін, кадрлар тізбегінің визуализациясын бастауға болады.
Анимацияға негізінен объектіні немесе бейнелерді жандандыру үшін қажет белгілі бір мінез-құлықтар мен жеке индивидуалдық белгілер меншіктеледі.
Анимация кадрлар деп аталатын, қозғалмайтын суреттер тізбегі болғанмен, адамның қабылдауы көру инерциясымен қамтамасыздандырылған. Бұл адам көзінің суретті көру нүктесі өзгергеннен кейін жарты секундтан кейін нақты көру инерциясы ғана қозғалыс пен қозғалыссыздықтың арасында көпір жасайды. Суреттің экранға шығару жылдамдығы кадрларды ауыстыру жиілігімен және секундына кадрлармен (frames per second – fps) өлшенеді.
3D кеңістігіндегі анимацияны басқару үшін көптеген программаларда кадрлау (keyframmg) деп аталатын әдісі қолданылады және сол арқылы объектілер кілттік кадрларға (keyframe) сәйкесінше негізгі позицияларды орналасады. Аралық суреттерді (tweening) тұрғызу көмегімен компьютер объектінің орналасуын есептейді де нәтижесінде объект бір позициядан екінші позицияға өтеді.
Бірақ анимацияның мақсаты тек қана көрініс бойынша қозғалуымен шектелмейді. Анимация негізінен объекті немесе бейнелерді жандандыру» үшін қажет, яғни суық, жансыз, математикалық объектіге мінез-құлық белгілері және жеке индивидуалдық белгілер меншіктеледі.
Видеоролик – қазіргі заманғы жобаны көрсетудің ең эффектілі түрі. Жалпы, видеороликте классикалық видео түсірілімдердің сәйкес келетін 3D анимация технологиясымен тізбектелтін болады. Бұл деген сөз жобаны шынайы кейіпке келтіру болып табылады.[23]
3D анимация видеороликтің құрылу жұмысының бір бөлігі болып келеді. Алайда, видеоролик тек қана анимация негізінде құрылған болса, онда ол анимациялық деп аталынады. Әдетте, мұндай видеороликтер үрдісті ашуға немесе технологиялық презентацияларға қолданылады. 3D анимацияларды модельді құруға және объектілер кескінін визуализациялауға алады.
3D-визуализация – бұл үш өлшемді модель негізіндегі статикалық бейнелер. Ол жобаны барынша жақсы көркемдеуге мүмкіндік береді.
Анимациялық видеороликтердің орналасуы және олардың құрамы физикалық тасушылар саны мен рәсімдеу түріне де байланысты болады. Олардың орналасуына және рәсімдеу элементтерінің арасында бір-бірінен айырмашылық болмауы керек.
Анимациялық видеороликтердің негізгі элементтері:
тақырыбы;
авторлары туралы қысқаша мәліметтері;
шығу деректері;
авторлық құқықты қорғау белгісі;
жүйелік талаптары және т.б. ақпараттар.
3D-анимациялар нақты сипаттағы шынайылылықты келтіргенімен, барынша жарық әрі айқын түрдегі модельдерді ұсынады.
3D модельді жасау қызықты үрдіс болғандықтан өзіңнің қиялыңды, қағазға түсірілген арманыңды жасауға мүмкіндік бар. Үлкен модельді құрастыру алдында үлкен дайындық қажет. Дайындыққа мыналар кіреді: құрылымын толық анықтау, материалдар мен текстураларды дайындау, сонымен қатар мүмкін объектінің өлшемін нақтылау керек.
3D модельді жасаудың бірнеше әдістері бар. Оның әрқайсысы уникальді және білімді талап етеді. Сонымен қатар, ол сол модельдеу үрдісі жүретін бағдарламаға да байланысты. Ереже бойынша әртүрлі бағдарламалық кешендерде модельдерді құрастыруға арналған ұқсас әдістері болса, ал өзгешелік модельдеу құрылғыларын қолдану ыңғайлылығына байланысты сезіледі.
3D жүйесі кез келген өзгерісті сәйкесінше автоматты түрде қалыптастыруға болатын үштік координаттармен жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Өзінің үш өлшемді кеңістігіндегі құрылымдық тізбектелуі, алдымен, 3D түріндегі құрылатын болса, содан кейін автоматты түрде екі өлшемді кеңістікте генерациядан өтетін болады. Кейбір жүйелер бойынша үш өлшемді кеңістіктегі жобаның сипаты қайта түрлендіру қабілетіне ие болып, қосымша негіз арқылы қайта жұмыс жасау механизміне ене алады.
3D негізіндегі бағдарламалар модельдеу, анимация, визуализация және эффектілер құруға арналған толық функционалды шешім бола алады. Сол сияқты, компьютерлік ойындарды, телебағдарламаларды даярлау, киноиндустрия саласында алдыңғы қатардағы мамандарының қолданысына ие болып келеді.
3D кеңістігінде анимациялық видероликтерді құру бағдарламаларының жаңа нұсқаларында бейнелерді тез және дұрыс жасауға, компьютерлік графика эффектілері мен қызықты ойындар құрастыруға құралдар іздейтіндер сөзсіз өз бағаларын береді. Онда көптеген визуалды эффектілер мен дизайн, арнайы түрлі ойындар аумағында 3D модельдеуді, анимациялауды және рендерингтің интегрирленген шешімінің арнайы кешенін ұсынады.
Жалпы алғанда, кез келген анимациялық видеороликті қажеттенетін қолданушылар үшін үш өлшемді кеңістікте жасалып, өңделген анимациялық видеороликтің көмегі арқылы қызықты анимациялық негізінде бейнелерді көру мүмкіндігі бар.
Кино өнеркәсібінде, арнайы (SFX) эффектілерін құру үшін, жапсырмалы көріністер қолданылған болатын. Star War (Жұлдызды соғыстар) филімінде көп санды әуе кемелері, Аliens (Жабайылар) фильмінде ғаламшарын жасауда сахаралық комплекс, Blade Runners (Алмас жүзінде жүгіру) фильімінде метал пластикалық қалдықтарда, аз ғана жанып тұрған алау оттардан құрастырылған таң қаларлық қала атмосферасы барлығы осы жапсырмалы көріністер, бутафиялар, таңғажайып қияли кейіпкерлерді, тәсіл бойынша резинкаден жасалған киімдер киіндіру арқылы немесе арнайы ойыншықтар арқылы жасайтын. Алайда үш өлшемді анимация, үлкен экранда 1982 жылында Word Disney TRON студиясының ұсынған фильімінде қолданылып, көрсетілген еді. Дәстүрлі жолда түсірілген фильмдердің ішінде эффект бойынша Jurassic Park фильміндегі динозаврларды бейнелеуде 1993 жылы сәттіліктерге қол жеткізді. Tin Ton қызқа метражды фильімді жасауда John Lasseter анимациялық студиясы “Оскар” сыйлығын ие болды. The Story режиссерлік орталығы шынайы көріністі үш өлшемдік графиканы қолдану арқылы қол жеткізді. “Титаник” фильміндегі көп кейіпкерлердің пішіндерін компьютерде анимация арқылы жасады. Final Fantasy “Соңғы қиял” атты фильмдегі шынайы кейіпкерлердің терлері мен қандарын компьютер арқылы жасап, қол жеткізгендігін көрермендер айыра алмайды.
Үш өлшемді анимация, қолдан жасалынатын екі өлшемді көрініс үшін қиын үлгі ретінде қолданылады. Қазіргі заман талабына сай, компьютерлік үш өлшемді анимация, аниматорларға, үш өлшемді элементті, екі өлшемді фильмге ешқандай қайта суреттеусіз қолдануына мүмкіндік береді. Үш өлшемді модельдеу бағдарламасын басқа компьютерлік графикалық фильмде қолдануда, ешқандай сырт көрініске дайын өнімде байқалмайды.Мыс: Digital Retouching «Сандық қайта тиісу» бұл екі өлшемді суреттеу ( Суреттеуде бағдараламалық қамтамассыздандыру, сызба жұмыста екі өлшемді көріністе өзгерту енгізіп, фото бейне мен фильмдерді түзету) процесі. Бұл әдіс құралдар мен механизмдерді өшіруде қолданылады. 102 Dalmations «102 Далматинца » атты түп нұсқалы фильмде барлығы аппақ күшіктер түсуі тиіс еді. Алайда үйретілген күшіктердің қара таңбалылары да болды. Сол себептен, суретшілерге әр бір кадрды қара таңбамен бояуға тура келеді. Кейбір көріністерде шынайы иттер компьютерлік анимация арқылы жасаған
және де сандық қайта тесу технологиясының көмегімен, керемет таңқаларлық нәрсені, яғни Гари Синездің «Аяқ кесу» фильмінде киіпкердің шолақ аяқты болып ойнауына тура келгендіктен, кесіп тастауды жүзеге асырды. Кадрдың кейбір элементтерін өзгертуге екі өлшемді модельдеу көріністі өзгертуге септігін тигізді. Мысалы: «Terminator 2» фильмінде режиссер James Cameren жүк машинасының канализация каналына солдан -оңға қарай емес, оңнан солға қарай құлауы тиіс болғандығын айтады. Сол себептен суретшілер көріністі айнамен сәулелендіріп, әр бір кадрына өзгеріс енгізеді. Бұл үшін көп күш пен энергия қуаты жұмсалады. Себебі фильмнің әр бір секунды 24 кадрдан тұрады. Кейде кадрлерде әр түрлі элементтердің қосындысы қолданылады.
Мысалы: Титаник фильмінің бір үзіндісін алайық. Порттан кеме шығып келе жатыр, кеме кейіпкерлер мен шынайы адамдарға толы. Су, құстар, түтіндерді екі өлшемді көріністі қолдана отырып, бірге біріктіріліп, бір керемет көріністі тағайындайды.
Морфинг- екі немесе үш өлшемді анимация эффектісі. Яғни бұл жерде бейне толқындатылып бір жерден екінші жерге тасынылады. Мұндай көрініске екі өлшемді шілтер қолданылады. Кейінірек ол көріністі өзгертті. Ең алғаш рет мұндай технология Collow фильмінде қолданылады. Star wars (жұлдызды соғыс) компьютерлік графиканы 20 жыл бұрын керемет қолдана білген фильмдердің бірі. Алдымен бейне таспаны сандық форматқа өзгерту керек еді. Алайда фильм көшіріле- көшіріле өз сапасын жоғалтады. Кейінірек үш өлшемді анимация көмегімен көп мөлшерде киноға жаңа элементтер қосылды. Мысалы ауа транспорты Mos Eisley ғарышарының айналасында жүруі. Кейбір көріністерді қайта өңдеді, жалғады мысалы түпнұсқада түсірілуі керек болған, алайда сол кезде қаржы мәселесіне байланысты түсірілмей қалған Джаббой мен Гана Сола әңгімесі көріністі орнына келтіру үшін үш өлшемді анимацияны Джабба нұсқасы қолданылады. Үш өлшемді графиканы, арнайы эффекттер құру үшін, фильмдерде қолдану дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Компьютерлік модельдеу көгілдір экран киноларында, жарнамаларды жасауда септігі мол екенін ұмытпайық.
Кең көлемді теледидар. Үш өлшемді эффектісі теледидарын анимацияда қолданудағы стандартқа сәйкес, 90 жылдардың басындағы ғылыми, таң ғажайып Babylon5, Вавилон5 телесериалында қолданылған. Foundation Imaging компаниясы фильм жасауда дербес компьютердің қолданылуы, қолданылған қымбат емес Light Wawe 3D бағдарламасы халықты қызықтырады. (SGI) Silocon Cotaphies секілді қымбат бағдарламаны қолданбай, 60.000 $ үнемдеді. Қазіргі таңдағы кино өнеркәсібі көптеген қымбат бағдарламалар керемет, таң қаларлық анимация жасау үшін қолдануда Star Trek сериялында 1.Voyager . Теледидар топтамаларында қызықты тенденциялардың бірі қарапайым мультфильмдер 3 өлшемді анимация мен көзге түскен Reboot, Beat wars,Shadow Raiders. Тартымды көрнекілік материалды, компьютерлік графиканың көмегімен жасаудың бірден бір жемісі- жарнама, бұл салада кең танымал – морфинг. Жарнамада тұтынушыға қажетті тауарларды да көптеп қолдануға болады. Компьютерлік графиканың көмегімен көптеген кішігірім нәрседен таңғажайып дүниені жасауға болады. Үш өлшемді модельдеуде суреттерді әшекейлеуде, көркемдеуде де қолданады. қазіргі таңда журналистерді суретке көк қабырғаға түсіреді. Кейінірек арқадағы фонды талғамыңызға байланысты өзгерте алады. Тікелей эфирде адамдардың қимылдарына өзгеріс енгізеді. Шынайы уақыт режимі –графика мен мағұлыматтың өзгерістерін өз уақытында белгі береді. Үш өлшемді бинелеумен, түсірілген фильмді монтаждай аласыз. Мысалы сырт кейпіндегі қаланың түрін, арнайы бағдарлама арқылы өзгертуді қамтамасыз ете аласыз.
Мультимедиялық жобалар. Шексіз үш өлшемді жұмыстың бірі жоғарыдағы техналогиялық мекемелерге жарнама үлгісін (Point-of Sade-Pos) немесе тауарды көрсету тәсілі. Жарнама әдістері тұтынушының назарын аударатын компьютерлік системада немесе шағын сауда орталықтарында тауар туралы мағұлымат беруге арналған. Алайда көп жағдайда компьютер жарнамалауда, функциясының, дизайнын, мүмкіндігін, күшін көрсетуде қолданылады, мақсат тұтынушыға жариалау емес, өнім жайлы жақсы естелік қалдыру. Тауар көшірмесін таныстыруда, потенциалды тұтынушының ойын жаулап алу үшін, қағида бойынша келесі дивиз ұсынылады.
- Бұл үлгілі оқу ғимараты.
- Бұл ғажайып тауар.
- Бұл демалыстан да маңыздырақ.
Осылайша ұсыныс көшірмесінде шек қойылмайды. ХАБАР үлгісінде үш өлшемді аниматция қолданылады. Тұтынушының көңілін баулиды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл әуестенетін де, тартымды іс әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |