3.2 Blender бағдарламасынан электрондық оқыту құралының құрылымы мен қызметі
Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін карастьірайык. Электронды оқулықтың кұндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде беріледі. Сонымен кодтар мұнда, кдрапайым оқулықга мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты Компьютерде тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемоқурс - оқулықгың мазмұнын қысқартылған мәтін график түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақгар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықгың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықгың авторлары кұрған тестер қорынан тұрады. бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады.
Енді электронды оқулықтың кұрамы жөнінде айтып өтелік.
Электронды оқулықгың құрамында: - титул беті;
- мазмұн;
- аннотация;
- оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);
- тапсырмалар жүйесі;
- бақылау тестік жүйесі;
- мәтін бөлігін іздеу жүйесі;
- авторлар жөнінде мәлімет;
- программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
Электронды оқулықгың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. мүнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықгың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.
Мазмұн электронды оқулықгың ең маңызды кұрылымдық элемент!. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде кұрылуы қажет.
Аннотация — программа жөнінде қысқаша мәлімет болуы керек. Жақсы электронды оқулықгы кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек, яғни мәтін, графиктер болуы тиіс.
Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақгар мен тапсырмалар береді. Егер тапсырмалар толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өте алмайды. бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалдарын мүқият қайталауға мәжбүр етеді.
Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытынды білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақгар түрінде беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықгы жазушылар тандап, құрастырып, текстік сүрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.
Авторлар жөнінде мәліметтер - оқулықгы кұрастырушылардың аты - жөндері, туылған жылдары, жүмыс орындары, телефоны, электрондық почта адресі т.с.с
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі падаланушыға оқулықгың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Әдетте қысқа әрі нақты подсказкалар түрінде болып келуі керек .
Электронды оқулықтың алғашқы бетінде меню орналасқан. Меню бірнеше батырмалардан тұрады. Әр батырманы басқан кезде бөлек терезелер ашылып, пайдаланушы соған өтеді.
Сурет 7. Электрондық оқыту құралының негізгі менюі
Меню құрылымы:
Blender3D туралы – Оқулықтың тақырыбы арналған Blender3D бағдарламасы туралы негізгі ақпарат көрсетіледі ( Сурет 8).
Сурет 8. Электрондық оқыту құралында Blender 3D туралы
Сабақтар - Blender3D бағдарламасына арналған дәрістер берілген.
Сурет 9. Электрондық оқыту құралында Blender 3D бағдарласында сабақтары
Бейнесабақтар – бағдарламаны үйретуге арналған бірнеше бейнероликтерді қарауға арналған. Бейнероликтер интернет желісінен алынған. Яғни тегін лицензиясы бар, көшіріп таратуға рұқсат берілген бейнероликтер жиынтығы
Сурет 10. Тапсырмалар – Сабақ соңында оқушыға берілетін өзіндік жұмыс тапсырмалары.
Сурет 11. Тест – бағдарлама курсын өткеннен кейін оқушыға өз білімін тексеруге арналған тестілеу жүйесі.
Тест – бағдарлама курсын өткеннен кейін оқушыға өз білімін тексеруге арналған тестілеу жүйесі.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.
Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.
Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.
Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.
Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.
Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.
11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.
Электронды оқулықтар оқушылардың
— бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
— ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
— өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
— ойларын дамытуға;
— студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
— тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
— сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
— өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |