Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет118/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   138
Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік топтардың, коғамның ішіндегі баска да топтарынын арасында әл аукатын, өмір деңгейін котеруді қамтамасыз ететін жагдай жасау, әлеуметтік кепілдеме беру, коғамдық өндіріске катысу үшін экономикалық ынталандыруды калыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатынын ерекішелігі экономиканын орталыктандырылған типінен орталықсыздаидыруға өткен кезенде шығындарды минимизациялауға бағытталғандығында. ҚР-нда әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады: минималды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет