Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет117/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   138
Азық түлік қауыпсіздікті реттеу.Кез-келген экономикалық даму үрдісіндегі мемлекеттің басты мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін қолдайтын, халқын азық-түлікпен жабдықтауға және азық-түлік тәуелсіздігіне кепіл беретін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нарықтың шырқау шыңына жетіп тұрған кезде өте күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады. Себебі, бірде-бір мемлекет халықтық сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмастан, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсізідігін қамтамасыз ету туралы айту әрине оңайға соқпайды. Мемлекетіміздегі азық-түлік қауіпсізідігін толыққанды қамтамасыз ету үшін, оның ерекше мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, менің ойымша еліміздің ата заңы Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алу қажет. Онда адам және азамат тарауына адам мен азаматтың сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне деген құқығын бекіту қажет.  Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, яғни, тамақ өнімдерінің оларды әдеттегі жағдайда пайдалану кезінде зиянды болып табылмайтындығы мен қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына қауіп туғызбайтындығына негізделген сенімділік күйінің болуы мен сапа деңгейі болып табылады. Соңғы жылдары бұл мәселе аса маңыздылыққа ие, себебі, тамақ өнімдерінің отандық нарығына түсетін өнімдердің төменгі сапалы деңгейі байқалуда. Отандық өнімдер нарығына сақтау мерзімі, адам денсаулығына қауіпсіздің сапаларына жауап бермейтін, көп жағдайда генетикалық түрлендірілген шикізаттардан жасайтын импортты өнімдер келіп түсуде. Генетикалық түрлендірілген объектілер дегеніміз – гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер. Әрине, айтылған жайттар ұрпағымыздың болашағына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай факторлардың орын алуы тамақ өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімсіздігінен болып отыр, яғни, елімізге әкелінетін тамақ өнімдеріне, балалар тамақтарына, гендік түрлендірілген организмдердің, тамақ қоспалары мен бояғыштардың, биологиялық белсенді қоспалардың айналымына әлі де болса бақылаудың күшейтілуін талап етеді.Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің сапалылығына көп көңіл бөлуіміз керек. Біздің елімізде Қазақстан Республикасы Кеден Одағына мүше болғаннан бері бірталай тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын, тасымалдануы мен өткізілуін реттейтін техникалық регламенттер қабылданған. Бірақ бұл аталған нормативтік актілердің талаптары орындалмай отыр. Мәселен нан және нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар регламентіне сәйкес, аталған өнімдер химиялық зиянды заттардан бөлек сақталуы, тасымалдануы тиіс делінген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет