Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»


Әлемдік валюта жүйесінің мазмұны және құрылымы



бет133/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
3.Әлемдік валюта жүйесінің мазмұны және құрылымы.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем- есеп айырысу айналымынң каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

Валюта жүйесі - валюталардың, оларды пайдалану, ауыстыру, төлем құралы ретінде қолдану ережелері мен нормаларының жиынтығы.

Валюта бағамы – түрлі елдердің ақша бірлектері арасындағы арақатынасы.

Валюта бағамы номиналдық және нақты деп бөлінеді: Ағымды валюта бағамы – екі елдің салыстырмалы бағасын көрсетеді, яғни бір валюта бағасы екіншісімен салыстырғанда. Номиналдық валюталық бағамдарды белгілеу үшін валюталардың айырбас бағамы «түсінігі» қолданады.

Нақты валюта бағамы бұл екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы.

Девиздік бағамы – шет ел валютасы бірлігінде сипатталған отандық валюта бағасы.

Айырбас бағамы – отандық валюта бірлігінде сипатталған шет ел валютасының бірлігі.

Валюта бағамының (алмастыру) үш негізгі жүйесі бар:

- бекітілген бағам - бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құрамын белгілейді, осылайша өз валютасы мен басқа елдердің валюта алмастыру бағамын анықтайды.

Валюталық нарық – белгілі пропорцияларда валюта айырбасын жүзеге асыратын нарық; ақша нарығының құрамдас элементі.

Валюта жүйесі - валюталардың, оларды пайдалану, ауыстыру, төлем құралы ретінде қолдану ережелері мен нормаларының жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет