1. Абсолютті артықшылықтар теориясы: белгілі бір ел қандай да бір тауар өндіруде басқа елмен салыстырғанда абсолютті артықшылықтарға ие (климаттық, географиялық, технологиялық, т. б.) деп есептеледі (егер ол бұл тауарды аз шығынмен өндіретін болса).
2. Салыстырмалы түрдегі артықшылықтар теориясын XIX ғасырдың басында Д. Рикардо ойлап шығарды:
Егер қандай да бір елдің өнімнің барлық түрін аз шығынмен өндіру мүмкіндігі болса немесе тіптен болмаса, онда өндіріс пен саудадағы мамандандырудың салыстырмалы түрдегі артықшылықтары әрекет ете бастайды. Егер елдер арасындағы шығынға қатысты айырмашылықтарды ескерсек, онда белгілі бір ел әлеуетті серіктесіне қарағанда бұл тауарды баламалы аз шығынмен өндірген жағдайда тауар өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болады.
Саудалық шектеулер шетелдік баж (тарифтер) және тарифтік емес тосқауыл түрінде болады:
Сауда тосқауылдары
Кеден бажы
Тарифтік емес тосқауылдары
Сыртқы сауда саласында мемлекеттік саясаттың екі типі бар:
Протекционизм — ішкі рынокты шетелдік тауарлардан қорғауға бағытталған және импортты шектейтін саясат.
Достарыңызбен бөлісу: |