Қазіргі кезең белгілерінің бірі – еңбек ресурстары миграциясының кең көлемде тарауы, өндіріс факторларының бірі – еңбек факторларының халықаралық масштабта ауысуын көрсетеді.Бұл процеске ондаған миллион адамдар қатысады.Нарық жүйесіндегі ХЭҚ –тың жаңа кезеңге өтуінінің бірнеше алғы шарты бар.Оның жоғары кезеңі – халықаралық ынтымақтастық.Қандай да болсын, халықаралық экономикалық байланыс- дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі.Дүниежүзілік шаруашылық көп уақыттар бойы бір-біріне қарамақайшы саяси және экономикалық жүйеден тұрды.Соңғы кездегі саяси картадағы өзгерістерге байланысты дүниежүзілік шаруашылық та жаңа сипат алуда.