Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет63/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   138
Орта тұрақты шығын. Оны тұрақты шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды.

  • Орта өзгермелі шығын. Оны өзгермелі шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды.

  • Орта жалпы шығын. Оны жалпы шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Осы орта жалпы шығын бірлік өнім өндіріс шығыны болып есептеледі.

    Кәсіпорын барлық уақытта максималды пайда табуға ұмтылады. Сол үшін, ол, өндірістегі өнім көлемін көбейтеді, қосымша өндіріс шығындарын жұмсайды. Осы шығындардың тиімділігін шекті өндіріс шығындары арқылы байқауға болады.

    Шекті шығындар (кейде өсімді, маржинальды деп те атайды) қосымша бір бірлік өнімді шығарғанға жұмсалған шығын өсімі. Жоғарыда айтылғандай, тұрақты шығын шығарған өнім көлеміне байланысты өзгермейді. Сондықтан, шекті шығындарды қосымша бірлік өнім шығарғанда жұмсалған шығын өсуі (немесе кемуін) тек өзгермелі шығынмен анықталады. Себебі, ол, өнім шығарудың көлемін бір бірлікке көбейткенде кәсіпорынға қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді.

    Кәсіпорын өз іс-әрекетінде шығындарды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шығындар өнімін шығару үшін өзі өндірмей сырттан алған өнімдерге ақшалай бөлінген шығын. Мысалы: жабдықтаушыларға көрсеткен еңбек қызметі, шикізат, отын, транспорт қызметі, энергия т.с.с. Ішкі шығындар - кәсіпорынның меншігіндегі және өз еркімен пайдаланылған ресурстар шығыны.

    Кәсіпорын экономикалық талдау процесінде басқа да өндіріс шығындарының түрін қолданады. Олар: алмастыру (балама) шығыны (немесе жіберілген қате мүмкіншілігінің шығыны), қайтарылмаған шығындар, трансакциялық шығындар т.б.

    Кәсіпорынның тәжірибедегі өндіріс шығынын есептегенде және іс-әрекетін талдағанда Батыс және ТМД елдерінде ұқсастық та, ерекшелік те бар. ТМД елдерінің кәсіпорындарында өзіндік құн категориясы кеңінен қолданылады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   138




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет