Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»


Ерекшеленген (артықшылығы бар) акция



бет61/138
Дата31.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#29454
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138
Ерекшеленген (артықшылығы бар) акция – мұның жай акциядан айырмашылығы дивидентті алдын ала белгіленіп қойған сома бойынша алады. Акцияның бұлай ерекшелену себебі, акционерлік қоғам тараған немесе жойылған, банкрот кезде бірінші осы акциялар төленеді. Бірақ бұл акцияның иесі акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруіне құқығы жоқ.

Акцияның бақылау пакеті – акционерлік қоғамды басқаруға (бақылауға) мүмкіндік беретін акция саны. Бақылау пакетін алу үшін 50% шығарылған акцияны толығымен төлегеннен кейін тегін сертификат барлық акциясына береді. Акция сертификатыбағалы қағаз, сондағы көрсетілген адамға қоғамдағы тиісті акция санының барлығын (растайтын) куәландыратын құжат. Акционерлік қоғамдар қазіргі кезеңде кәсіпкерліктің ең көп тараған түрі, әлемдік экономиканың “арматурасы” деп те аталады. Олай деуіміздің бір жайы, тарихи практикада акционерлік қоғамдар өз тиімділігін талай рет дәлелдеген. Мұндай қоғамның алғашқы қарлығаштары XV-XVI ғғ. Генуяда әулие Георгия, Миланда әулие Амвросия банктерінің құрылуымен байланысты пайда болды. Акционерлік қоғамның кеңінен етек жаюының себебі, аса күрделі шаруашылық мәселелерін шешуде ірі мөлшерде капиталды шоғырландыру мүмкіндігіне байланысты. Акционерлік қоғамның басқа серіктестермен салыстырғанда артықшылығы бағалы қағаздарды сатып алу, сатумен байланысты нарықтың болуы. Міне осы жайлардың барлығы акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етті. Акционерлік қоғамның ауыл шаруашылығында саланың ерекшелігіне байланысты дамуы шектеулі болды.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа жөне ірі бизнес болып болінеді.

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады. Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді. Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б. Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет