«теміртау қаласының №21 орта мектебі» кмм



бет1/10
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#17385
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


«ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №21 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша қазақ тілі

пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне арналған тапсырмалары


Әдістемелік құрал


Теміртау қаласы, 2016 жыл



Құрастырған: Теміртау қаласының №21 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нургазина С.Ж.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады.

PISA тапсырмалары оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.

Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер туралы мәлімет, кестелер, графиктер мен карталар форматында.

Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады.

Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тапсырмаларының ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет