Темперамент туралы жалпы ұғым



бет4/5
Дата24.04.2023
өлшемі70 Kb.
#86051
1   2   3   4   5
Пысықтау үшiн сұраулар
1. Темперамент дегенiмiз не?
2. И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң типтерi туралы iлiмi темпераменттердiң табиғатын қалай түсiндiредi?
3. Темпераменттердiң психологиялық сипаттамасы қандай?
4. Төменгi сынып оқушыларының темперамент ерекшелiктерiнiң негiзгi белгiлерi қандай?
5. Темперамент адам психикасынан қандай орын алады?

  1. Темпераменттер қалай өзгередi және оларды қалай тәрбие-леуге болады?

Практикалық тапсырмалар
1. Мектепте тәжiрибе кезiнде екi оқушының психикалық өмiрiне байқау жүргiзiңдер де, олардың темперамент ерекшелiктерiн сипаттап жазып берiңдер:
Шоқан үйiне келген адамдардың (ол үйге, әрине, сұлтандар, билер сияқты “iрi” адамдар ғана келедi ғой) байлаулы аттарын шешiп жiберiп, тұсаулы аттарын ағытып жiберiп, ерттеулi аттардың айыл-тартпасын, үзеңгiсiн босатып қойып, өздерiн мазақтап... дегендей, дамыл-тыныштық бермеген. Онымен де қоймай, бiрге ойнайтын балаларды ұйымдастыру арқылы... бiрнеше қозының тiрiдей асықтарын алған... Әкесiнiң “оқуға апарамын” дегенiн естiген соң, Шоқан қашып, Құсмұрын дөңiнiң Үшбұлақ аталатын сайларында қалың боп өсетiн қайыңдар мен талдардың арасына тығылып... бiрер күнде әрең табылған...”
Бала Шоқанның басынан қандай темпераменгтердiң көрiнiсiн байқауға болады? Мұны тиiстi дәлелдер келтiрiп айтып берiңiздер.
2. “Сұлтанмахмұт тарс-тұрс ашулануды бiлмейтiн, жәбiрге көнбейтiн ақылды бiр беткей едi... оның осы мiнезiне қызығып, бiз Сұлтанмахмұтқа әдейi ызаландыру үшiн жабылатынбыз. Бiрақ ол тiптi де ашуланбайтын. Бiздер онан сайын ерегiсiп, оны түйебас қылуға шейiн баратынбыз. Кейде Сұлтанмахмұттың бiр жерлерi ауырып та қалатын. Бiздiң бетiмiздi қайтармақшы болған. Сұлтанмахмұт бiр күнi әкесiне ақ шоқпар iстетiп алады да, сабаққа келгенде бiзге көрсетпей ала келiп, қардың астына тығып қояды. Сабақ бiткен соң, бiз әдеттегiдей асыр салып, Сұлтанмахмұтты ортаға ала бастадық. Сонда Сұлтанмахмұт шегiншектеп барып, қар астына жасырып қойған әлгi шоқпарын суырып алып, бiзге қарсы қасқая тұра қалып, сол арада қолма-қол мына өлеңдi айтты:
“Кәнекей, ендi бәлем тишi маған,
Шоқпармен бiр-ақ салып басың жарам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет