Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс – әрекетін аяқтап шығады, көп адам ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп – сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
Сангвинвк Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл күйі әп – сәтте өзгереді. Ол әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, желігінің басылуы да оңай. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді. Қозғалғыш, еті тірі, сергек.Сезім күйлері сыртқы қимылдары көрініп тұрады. Көтеріңкі , мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп, ақжарқын ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас байланысында үстірттік болады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын барысында ролін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе жылап жібереді, алайда ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кетпей – ақ күле бастайды.
Жоғарыда аталып айтылғандай таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарға бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып араласып жүреді. Мәәселен холерикте меланхолик пен флегматиктің сипаттары аралас келуі мүмкін. Аралас типке холерик сангвиник сипаты көп көрінсе сангвиник дейміз.