Б Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.
В Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.
Г Еріксіз әңгімелесушінің мінез- құқымен үйренесіз.
11 .А Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.
Б Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз
В Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.
Г Істе шапшаңдық танытпайсыз
Темпераментті анықтау тестінің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. А – Холерик – ыстыққанды.Б- Сангвинвк, жеңілқанды. В Флегматик - Суыққанды. Г – Меланхолик, ауырқанды.
Меланхолик – Эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Мәнерсіз ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көөрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп арласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе толық аяқтап шығады.
Мелахолик – бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрақ қойса қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де , өкпелеп режуі де қиын. Ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады. Іске де бірден кіріспейді,бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик
Эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр қимылдайды. Сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды сөйлейді, кісімен араласып жақындасуыда мардымсыз, іске ырғалып – жырғалып барып кіріседі. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
Флегметик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп соқтығыспайды. Біреу жан – жалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді. Тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес. Бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Холерик
Эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп – сәтте қызып кетіп, күйіп піседі. Ашуланса бұрқ – сарқ етіп қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасын да терең із қалдырады, қимыл – қозғалысы шапшаң.
Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс әрекет атқаруға бейім келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді. Анық әсерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен мимикасынан білініп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |