– сызықтың ұзындықтарын 20 м‒лік өлшеуіш лентамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі реи өлшеген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1- разрядты жүрістерде ұзындық 1:2000-нан, ал 2 – разрядты жүрістерде – 1:1000 – нан аспауы керек.
Теодолиттік түсірістің мәліметтері бойынша планды жасау планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан басталады. Планшетке көлемі 60x60 см-дей жоғары сапалы фанера немесе аллюминий табағы алынып, оған сызба қағазы жапсырылады. Координаталар торы координатографтың немесе Ф.В. Дробышев сызғышының көмегімен құрылады.
Дробышев сызғышымен координаталар торын салу қағаз бетіне 50x50 см (50²+50²=70,71²) квадратын, немесе қабырғалары 30,40 және 50 см (30²+40²=50²), не тиісінше 60,80 және 100 см (60²+80²=100²) үшбұрышты көшіріп түсіруден тұрады; мұнын өзі Дробышев сызғышының өлшеміне байланысты болады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, теодолиттік түсіріс дала және өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дала өлшеулерінде келесі жұмыстар орындалады: теодолиттік жүрісті жерге салу, теодолиттік жүрістің төбелерін геодезиялық геодезиялық тірек пункттерімен баланыстыру, ситуацияны түсіру. Өңдеу жұмыстарының мазмұны: теодолиттік жүріс төбелерінің координаталарын есептеу және теодолиттік түсірістің планын салуды айтамыз.