Генетикалық немесе ген инженериясы-генетика мен молекулалық биологияның қол жеткен табыстарының негізінде қалыптасқан биология ғылымының жаңа бір саласы.Бұл ғылымның мақсаты-практика мен теория үшін қажетті, бұрын тірі табиғатта болмаған жаңа генетикалық бағдарламаларды жасау.Мұндай әдіс, тіршілікті меңгеруде жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр.Генетикалық инженерияда қолданылатын әдістер өте күрделі болып келеді.Мысалы, генотиптің құрамынан жеке ген немесе гендердің тобы бөліп алынып, басқа бір организмге апарып орналастырылады.Сол сияқты ДНҚ молекуласының құрылымын өзгерту арқылы оның жаңа рекомбинантты түрлерін алып, оларды басқа организмнің геномына енгізіп, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Генетикалық инженерия деп in vitro жағдайында генетикалық құрылымдарды (рекомбинантты ДНҚ) құрастыруды және оларды клеткаларға енгізуді айтамыз.Қазіргі кезде генетикалық инженерияның әдістері көмегімен практикалық медицинаның аса маңызды мәселелері шешілуде.Мысалы, пробиркада синтезделген адамның қалыпты генін бактерияға енгізу арқылы кейбір ауруларды емдеу үшін аса қажетті медициналық препараттар алынуда.