Теория Жер тобындағы планеталар



бет1/19
Дата26.12.2023
өлшемі8,25 Mb.
#144268
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
АСТР ОТВЕТ



Теория


  1. Жер тобындағы планеталар

Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық касиеттеріне карай екі топка бөлінеді — жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталар Меркурий, Шолпан, Жер, Марстың көлемдері мен массалары үлкен емес, бірақ олардың орташа тығыздығы судың тығыздығынан бірнеше есе артық. Жер тобының планеталары, негізінен, табиғи тұздар мен темірден тұрады. Ал Меркурийден Марсқа дейінгі планеталардың орналасу ретіне карай темірдің жалпы құрамының азаятыны байқалады (Меркурийде -60—70%, Шолпан, Жерде — 32%, Марста — 25%). Жер тобындағы барлық планеталар ұқсас құрылымдардан тұрады: ядро, мантия және катты қабық. Жер тобындағы планеталарға Күннің тасқындық әсері болады, сондықтан олардың өз осінен айналу жылдамдыктары баяулаған (Шолпанда ол тіпті кері бағытқа ауысқан).
Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар, бастапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер), бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу.
Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста екі кішкене серік, Жерде — біреу). Физикалық сипаттамалары бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

  1. Кеплер заңдарын сипаттаңыз

1)Кеплердің бірінші заңы негізінен планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
2)Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус – векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
3)Кеплердің үшінші заңы – планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет