18)Нептунашылуы айтыңыз Нептун — Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.
Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды «мұз гиганттары» қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі «мұздарға» толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.
19)Күннің көрінерлік қозғалысын айтыңыз Жылдың әр кезеңінде түн ортасында әр түрлі жұлдыздар кульминациялайды. Белгілі бір жұлдыздың түн ортасына сәйкес келетін кульминациясы жыл сайын қайталанып отырады. Осыған негіздене отырып Күннің жұлдыздарға қарағандағы орнының уақыт бойынша өзгеретінін және бұл қозғалыс жұлдыздық немесе сидерлік деп аталатын белгілі бір периодпен (Т=365,2564 тәулік) қайталанып отыратынын анықтауға болады. Егер Күннің жұлдыздарға қарағандағы орнын анықтағымыз келсе, оның жоғарғы кульминациясы нүктесі арқылы аспан сферасындағы қарама қарсы нүктесін тауып, жұлдыздық картадағы Күннің нақты орнын көрсете аламыз. Осылайша аспан сферасы бетіндегі Күннің бір тәулікте жүріп өтетін орташа жолы жуықтап алғанда 1° екенін анықтаймыз.
Күн спектрі және оның атмосферасының құрылысы.
Күннің және жұлдыздардың спектрі жұтылу спектріне жатады. Бұл тұтас спектрмен сызықша спектрдің қос қабатталуынан болған: жарқыраған тұтас спектрдің жүзі толып жатқан көлденең қоңыр сызықтармен айғыздалған.
Экваторлық координаттары көптеген айлар бойы, тіпті жылдар бойы өзгеріссіз қалатын жұлдыздармен салыстырғанда альфа мен бетасы жылдам өзгеретін шырақтар да болады.Күннің жыл бойындаы қозғалысын ежелгі астрономдар сол кездің өзінде-ақ білген. Бірақ бұл бақыланатын құбылысқа Жердің Күнді айнала қозғалатыны анықталғаннан кейін ғана дұрыс түсінік береді. Күннің эклиптика бойымен өтетін көрінерлік қозғалысы – Жердің Күнді айнала шынайы қозғалысының көрінісі.
Күннің жылдық қозғалысы және жұлдызды аспанның көрінісі.