гидравликалық мәшинелер деп аталады
105. Гидравликалық мәшиненің үлкен поршенінің көлденең қимасының
ауданы кішісінен есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе артық күш
әрекет етеді
106. Күштен қанша есе ұтсақ, арақашықтықтан сонша есе ұтыламыз
107. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал - барометр 108. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін қауіпсіз барометр-анероидтар кеңінен қолданылады
109. Қысымды өлшеуге арналған арнайы аспаптарды манометрлер деп
атайды
110. Адамның
қан айналымы жүйесіндегі қысым арнайы құрал
сфигмоманометрмен немесе қазір тонометрдеп аталатын құралмен
өлшенеді
111. Суға батқан денені кері итеретін күштің модулі осы дене ығыстырып
шығарған сұйықтың салмағына тең
112. Сұйыққа батырылған денені кері итеретін күш сол дене ығыстырып
шығарған сұйықтың салмағына тең
113. Архимед заңы – сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып
шығарған сұйықтың салмағына тең күш әрекет етеді
114. Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге
әрекет ететін ауырлық күшінің модулі Архимед күшінің модуліне тең
115. Сұйық пен дененің тығыздықтары бірдей болғанда, дене сұйық ішінде
жүзеді
116. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болса,
дене сұйыққа батады
117. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болғанда, дене
сұйыққа батады
118. Егер ауырлық күші Архимед күшінен кем болса, онда дене сұйық
бетінде қалқып жүзеді
119. Қалыпты атмосфералық қысым – 0
0
С температурадағы биіктігі 760
мм сынап бағанының қысымы
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
120. Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс -