массалар центрі деп аталады
145.
Жай механизмдер, біріншіден, күштен ұтыс алу үшін, екіншіден,
денеге түсетін күш пен оның қозғалысының бағытын өзгерту үшін
қолданылады
146. Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін
қолданылатын
құралдар
жай механизмдер деп аталады (иіндік, блок, көлбеу жазықтық,
шығыр, сына, бұранда)
147. Жұмысша күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса,
жұмысшы күштен сонша есе ұтады
148.
Блок дегеніміз – өз осінің төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы
бар доңғалақ тегершік
149. Блоктар
жылжымалы және
жылжымайтын болып бөлінеді
150. Жүк көтергенде
айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок –
жылжымайтын блок
151. Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп
отырса, ондай блок –
жылжымалы блок деп аталады
152.
Механиканың алтын ережесі - Жай механизмдерді пайдаланып,
күштен қанша есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз
153.
Моменттер ережесі : айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін,
денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш
моменттерінің
қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш
моменттерінің қосындысына тең болуы керек
154. Иіндері он санына еселік болып келетін таразылар
ондық таразылар
деп аталады
155. Механизмдердің өздерін
қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы жұмыс
делінеді
156. Механизмдердің қажетті денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысы
пайдалы жұмыс деп аталады
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
157. Механизмнің немесе мәшиненің
пайдалы әрекет коэффициенті
(ПӘК) деп – пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасын айтады
158. Аспан денелерін зерттейтін ғылым –
астрономия
159.
Астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен
даму заңдары тағайындау болып табылады
160.
Әлемнің геоцентрлік жүйесі – бүкіл Ғаламның қозғалмайтын орталық
кіндігі Жер деп санайтын жалған ілім
161.
Гелиоцентрлік жүйе (Күн жүйесі) – Жермен қоса басқа да
планеталардың (Меркурийдің,
Шолпанның, Марстың, Юпитердің,
Сатурнның, Уранның және Нептунның) Күнді айнала қозғалатыны
туралы ғылыми дәлелді ілім
162.
Күнтізбе – Аспан денлердің (Жердің, Айдың Күннің
және басқа да
жұлдыздардың) периодты қозғалыстарының негізінде ұзақ мерзімге
арналып жасалған уақыт кестесі