Теориялық және қолданбалы механика



бет37/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

13 – Тақырып
13.1. Қиғаш иілу және центрден тыс созылу-сығылу
Сабақтың міндеті: таза және көлденең иілу кезіндегі кернеулер және беріктікке есептеу; қиғаш иілу, центрден тыс созылу (сығылу), иілу мен бұралудың біріккен әсері.
Сабақтың мақсаты: иілу кезіндегі беріктік шартын анықтау; күрделі қарсыласу кезіндегі беріктікке есептеуін қарастыру.

Қиғаш иілу кезінде июші моменттің жазықтығы көлденең қиманың бас инерция өстерінің біреуінен де өтпейді (14.5 суретті қара). Қиғаш иілуді біржолы екі, x және y бас инерция өстеріне қатысты иілу ретінде қарастырған ыңғайлы. Ол үшін жалпы М июші моментінің векторын Mx = Msin және My = Mcos құраушы моменттеріне жіктеу керек. Координаттары x пен y нүктедегі тік кернеу келесі формуламен табылады
. (14.11)
Кернеулер нүктелердің БС-на дейінгі қашықтықтарына пропорционал болады, БС теңдеуі осылай жазылады
. (14.12)
Jx≠Jy болғандықтан, қиғаш иілу кезінде БС июші моменттің жазықтығына перпендикуляр емес, яғни сырық июші моменттің жазықтығында иілмейді, ол басқа, иілуге қатаңдығы аз жазықтықта иіледі.
Центрден тыс созылу (сығылу) кезінде сыртқы күштердің тең әсерлі F күші сырық өсінің бойында, қарапайым созылу кезіндегідей, жатпайды, ол z өсіне параллель және оның өстен ауытқуы бар (14.6 суретті қара). Сонда сырық көлденең қималарында N= F бойлық күш және Mx = Fy0  мен My = Fx0 июші моменттер орын алады (мұндағы x0 y0 F күші түсірілген А нүктесінің координаттары). Кез келген, x, y коорди­наттарымен анықталатын В нүктесінде тік кернеу келесіге тең болады
. (14.13)
Кернеулер нүктелердің БС-на дейінгі қашықтықтарына пропорционал болады, БС-ның теңдеуі осылай жазылады
немесе . (14.14)
Координат басынан БС-на дейінгі қашықтық (14.7 суретті қара) келесіге тең
. (14.15)
Иілу мен созылудың (сығылудың) біріккен әсері жағдайында жоғарыда көрсетілгендей, күштер әсерінің тәуелсіздігі принципін қолданып, сырықтың көлденең қималарында қосынды тік кернеулерді анықтайды. Осында қарастырылған барлық жағдайларда беріктікке есептеуді қосынды кернеу бойынша жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет