Пәнаралық байланыс:Биология,анатомия,физиология.
Сабақтың жабдықталуы: проектор, ноутбук, презентация, кеспе қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі: Қуандықов Е.Ө «Медициналық биология және генетика»
Қосымша: С.А. Әбілаев «Молекулалық биология және генетика»
В.Н.Ярыгин «Биология»
Студент білуі тиіс: - тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алу шараларын;
- тұқымқуалайтын ауруларды зерттейтін зертханалық зерттеу әдістерін;
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық - логикалық сызбасы:
І Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин ІІ Үй тапсырмасын тексеру - 20 мин ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру - 35мин ІV Жаңа сабақты бекіту- 25 мин V Қорытындылау - 5 мин VІ Үйге тапсырма беру – 3 мин Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқу кабинетінің тазалығына көңіл бөлу.
2.Студенттердің сыртқы киімдеріне (калпак,халат) көңіл аудару.
3.Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.
4.Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
5.Тақырыптың маңыздылығының мәнін атап өту
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Тақырыбы: Тұқымқуалаудың ерекшеліктері. Хромосомалық аурулар.
()
Тест жұмысы І нұсқа Екі белгінің қарама – қарсы варианттары бойынша тұқымқуалаушылықты қарастыру
және оның тура сандықесебін жүргізу арқылы жүзеге асырылатын шағылыстыру қалай аталады?
Дигибридті в) моногибридті с) полигибридті д) гаплоид е) шағылыстыру
Альтернативті белгілердің бір жұбы бойынша бір – бірінен ерекшеленетін екі организмді шағылыстыру қалай аталады?
а) полигибридті в) дигибридті с) моногибридті д) гибрид е) доминантты
Екі организмнің шағылысуы қалай аталады?
а) будан в) будандастыру с) гибрид д) шегіну е) тармақ
Қандай шағылыстыру кезінде бірнеше жұп қарама-қарсы белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары зерттеледі?
а) полигибридті в)моногибридті с) гаметалар д) генофонд е) дигибридт
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
а) ген в) прокариод с) аллельді ген д) генетика е) хромосома
6) Ата- аналардың өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпаққа берілу қабілеті қалай аталады?
а) организм в) генетика с) тұқымқуалаушылық д) көбею е) өзгергіштік
7)Бір организмдегі барлық гендердіңжиынтығы не деп аталады?
8) Организдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуын қалай атайды?
а )өзгергіштік в) мутация с)тітіркенгіштік д)репродукция е)метоболизм
9) Бір геннің бірнеше рет мутациялануы нәтижесінде серияныңтпайда болуы не деп аталады?
а) белгі в) ген с) нуклеотид д) қасиет е) көп аллельділік
10) Организнің барлық белгілерінің жиынтығын не деп атайды?
а) генотип в) фенотип с)генетика д) өзгергіштік е) тұқымқуалаушылық
11) Әр түрлі тұқымқуалаушылық материалы бар екі особьты шағылыстырудан алынған ұрпақтарды не деп атайды?
а) гибрид в) буданды с) рецессивті д) доминантты е) генотип
12) Бірінші ұрпақ гибритінді көрінетін және басқа белгінің дамуын басатын белгі қалай аталады?
а) гетерозигота в)фенотип с) доминантты д) гомозигото е)генотип
13) Көрінбейтін, басылатын белгінің атауы қалай?
а) гамета в) зигота с) даму д) рецессивті е)альтернативті
14) Біреуі доминантты,екіншісі рецессивті болатын организм қалай аталады?
а) фенотип в)гомозигота с)полигибрид д)моногибрид е) гетерозигота
15) Мендельдің бірінші заңын не деп атайды?
а) мутация в) ген с)генетика д) гомолог е)доминанттылық заңы