Теориялық сұрақтар


Дуоденальды зондтау мақсаты диагностикалық



бет23/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Пропедевтика емтихан сұрақтары MC2022-2023-1

Дуоденальды зондтау мақсаты диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораториялық зерттеуге алу,өт қабының моторлы қызметі төмендегенде өтті сорып алу.
1.Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізеді.
2.Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа отырады,орындықтың арқасына тығыз отыру керек.
3.Сүңгінің жұтатын ара қашықтығы төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық- бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз- екінші белгі.
4. Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп аламыз.
Сүңгіні тілдің түбіріне салып, науқас мұрынмен дем алуын сұрап,жұту қозғалысын бір мезгілде жасап,сүңгіні бірінші белгіге дейін енгіземіз.
5. Науқас оң жақ қырына жатып,оң қолын арқасына қойып, тізесін бүгіп,жамбас астына жұмсақ жастық қоямыз,оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты саламыз.
6. Асқазаннан сөл бөлінеді, сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық- сары сұйықтық, сілтілі қосынды жиналады (ұлтабардағы өт "А" үлесі). Сүңгінің ұшына қысқыш қоямыз.
7. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алып жане шприцімен 30-50 мл жылы магний ерітіндісін сүңгі арқылы енгізіп,сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қоямыз.
8. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып,сүңгінің бос шетін пробиркаға саламыз, бұған қою қоңыр зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі ( өт қабығындағы өт "В"үлесі)
9. Келесі пробиркаға мөлдір алтын сары түсті сұйықтық пайда болады ( бауыр өті "С" үлесі) алынады.
10. Сүңгіні алып, әрбір үлестерді белгілеп,жолдама толтырып,лабораторияға жібереміз.

  1. Бауыр ,өт жолдары аурулары бар науқастарды зерттеу. МҮҰ. Сұрастыру. Диагностикалық маңызы.

Шағымдары: оң қабырға доғасы астында ауыру сезімі немесе ауыртпалық, жүрек айну, құсу, кекіру, ауыздағы ащы дәм және құрғауы, сарғаю, терінің қышуы, іштің үлкеюі, кебуі, қан кетулер, тәбеттің төмендеуі, іштің өтуі, қатуы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі, қалтырау, себепсіз әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық, ұйқының бұзылысы, жүдеу, бас ауру, бас айналу.
Ауырудың пайда болуы - Іш пердесінің қабынғаннан тітіркенуі, өт қабы мен ірі өт жолдарының кенет түйілуі, өт қабының ішінде өт іркілгенде және тас пайда болғанда бір құрысып, бір кеңуімен байланысты. Бұл себептер 1.Бауыр мен өт қабын жауып тұрған іш пердесінің жедел және созылмалы қабынуына, қабынған және қан іркілгеннен бауырдың үлкеюіне, өт қабы мен өт жолдарының қабынуына, өт тасы ауруына алып келеді.
Ауырудың орны- оң жақ қабырға асты және эпигастрий маңы.
Түріне қарай ауырсыну тұрақта және ұстамалы болады. Ұстамалы ауру өт не бауыр коликасы деп аталады. Ауру кенеттен басталады және шыдатпай ауырады. Бұл ауруды спазмоликтер беріп тоқтатуға болады. (но-шпа, атпопин, т б)
*Диспепсиялық шағымдар*: тәбет нашарлау, ауызда ащы дәм болу, кекіру, жүрек айну, құсу, қатпа немесе іш өту. Бұл шағымдар гастрит немесе колит белгісі болу мүмкін.
*Қызу көтерілу *холецистит, холангитке тән. Қызу көтерілгенде адам қалшылдап тоңады.
*Тері қышымасы* қанда қт қышқылы көбейгенде болады. Сарғаюдың кейбір түрінде кездеседі. Тері қышуы түнге қарай өршиді.
Қан кету екі механизмі:
1.Портальді гипертония (қан геморрой түйіннен или кеңіген өңеш венасынан кетеді)
2.Бауыр жетіспеушілігінде қан ұюға қатысатн факторларды өндірудің азаюы. (қан мұрын, жатыр, қарыннан кетеді)

  1. Бауыр, өт жолдары аурулары бар науқастарды зерттеу. МҮҰ. Жалпы қарау. Диагностикалық маңызы.

Бауыр – ас қорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оң жақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сиымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:
1 қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;
2 өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;
3 осымен бірге басқада зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмір сулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет