Науқастың өмір тарихы (anamnesis vitae)
1. Ұлты
2. Жағымсыз қылықтары
3. Тамақтану тәртібі
4. Тұрмыс жағдайы
Асқазан , ішек жолдарының ауруында дұрыс тамақтанбау , ащы тағамдарды жиі тұтыну , ыстық тағамдарды, шылым мен ішімдікті тұтыну маңызды орын алады. Кәсібіне байланысты профессионалдық зиянкестерді анықтау қажет(жиі болатын стресс, өндірістегі токсикалық заттармен жанасу, мысалы металл шаңын жұту. Тұқым қуалаушылығында бейімдеушілігі бар адамдарда жиі стресстің болуы, шылым шегу, асқазан ойық жарасының дамуының жиі себептеріне жатады. Сондықтанда науқастың тұқымқкалаушылық ауруын мұқият сұрау керек
Қосымша тексерістер
Зертханалық Аспаптық
1. Жалпы қан анализі 1. Асқазан рентеноскопиясы
2. Асқазан сөлі 2. Асқазан рентгенография
3. Асқазан жуынды суының анализі 3. Фиброгастроскопия
4. Құсық анализі 4. Биоптат алу
Гастродуоденоскопия – бұл өңештің, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығын зерттейтін зерттеу. EGDS процедурасы кезінде аузына жұқа және икемді түтік енгізіледі – гастроскоп, ол өңештен өтіп, асқазанға түсіп, ұлтабарға жетеді. Гастроскоптың ұшында шағын камера бар. Оның арқасында сурет компьютер мониторында көрсетіледі. Камера күдікті жерлерді суретке түсіруге, сонымен қатар бейне жазуға мүмкіндік береді.
EGD -дің негізгі мақсаты – асқазанды тексеру, дегенмен бұл процедура өңеш пен он екі елі ішекті тексеру үшін жиі қолданылады.
Қандай жағдайда гастродуоденоскопия қажет
Егер адам ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөлігінде ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезінсе, дәрігер бұл процедураны тағайындайды. Асқазанның ЭГД – бұл патологиялық өзгерістерді табудың ақпараттық әдісі. Бұл зерттеу гастроэнтерологқа тиімді емдеу стратегиясын таңдауға көмектеседі.
Эндоскопиялық тексеру келесі белгілер үшін қажет:
Жұтудың қиындығы;Қышу;Іш ауруы;Құсу;Салмақ жоғалту;Ішектің тұрақты емес қозғалысы; Анемия
Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Зертханалық және аспаптық зерттеу. Эндоскопиялық тексеру әдістері (ректороманоскопия). Диагностикалық маңызы.
Шағымдары – құрсақтағы ауру сезімі, өңеш бойындағы аауру сезімі,жұтынудың және тағам өтуінің бұзылысы,жұрек айну, құсу,қыжылдау, іштің кебуі, тәбеттің бұзылуы,іштің өтуі, қатуы,қан кету, жүдеу,әлсіздік,шаршағыштық, жұмысқа қабілеттің болмауы,төмендеуі, ашуланшақтық
Асқа тәбеттің өзгеруі. Тәбеттің өзгеріуне оның нашарлауы, болмауы, күшеюі жатады. Тәбеттің нашарлауы көбіне асқазанның кілегей қабығы зақымданғанда және оның секрециясы азайғанда болады ( гастрит , асқазан рагі). Асқазан секрециясы көбейсе тамаққа тәбетте күшееді (асқазанмен ұлтабар жарасы). Тәбеттің шамадан тыс күшеюі (араны ашылу) булемия деп аталады.
Тамақ емес заттарға құштарлық не бұрма тәбет ахилияда, анемияда кездеседі. Тағам емес заттарға (бор, көмір т.б) кұштарлық Асқазан обырымен ауыратын пациенттерде ет, балық тағамдарына жиіркену болады.
Кекірік. Асқазан ішіндегі ауа не тамақтың шамалы бөлігінің ауызға оралуын кекірік деп атайды. Қарындағы тамақ көп уақыт тұрып қалса, онда ол шіри бастайды, кекірік шіріген жұмыртқа иісін береді. Кекірген тамақтың қышқыл татуы асқазанда қышқылдықтың көбейгенінен, ащы болуы асқазанға өт оралғанда, ашыған маймен татуы асқазанда органикалық қышқылдар көбейсе, шірік дәм ауызға оралса - асқазанда тамақ ұзақ уақыт тұрып шіри бастағанды білдіреді.
Қыжылдау. Өнеш тұсының қыжылдауы өңештің төменгі бөлігінің асқазанның қышқыл сөлімен тітіркенуінен болады. Көбіне асқазанда қышқылдық көбейетін ауруларда болады. Кейде қалыпты қышқылдықта не төмен қышқылдық кезінде де байқалады. .
Жүрек айну - төс шеміршегі астында болатын жағымсыз сезім. Жүрек айну кезінде жалпы әлсіздік, мөлшерден тыс сілекей бөлінуі, қара терге бату байқалады. Жүрек айну кезбе нервтің тітіркенуінен де болады. Оның негізгі себептері: асқазан аурулары, орталық нерв жүйесінің зақымдануы, жалпы улану, рефлекторлы жүрек айну.
Асқазаннан қан кету. Үнемі қауіпті белгі болып саналады.
Түрлері: қан аралас құсық, таза қан кету, түсі қарайған нәжіс.
Дерттің даму тарихы – анықталған жағдайда а) дерттің басталу себебі б) белгілері, олардың ағымы,дамуы,бәсеңсу себептері в)қолданған ем,оның нәтижесі г)жүргізілген тексерістер,оның қорытындысы, д)емханаға осы реткелген себебі,аурудың кайталану себебіНауқастың өмір тарихы –осы дертке алып келген,себеп болған жағдайлар- тағаммен байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы шиеленістер,тұрмыста не жұмыста улану, аллергия,тұқым қуалаушылық, және т,б себептер
Объективті зерттеу.
Қарау. Жалпы қарағанда науқастың жалпы келбетіне көңіл бөлу керек: терісі қан кетуден бозарып тұрады, асқазан обырында науқас жүдейді, терісі бозғылт, жер түстес, көз қарасы мұңайлы.
Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарағанда тістің бүтіндігіне, тұтастығына көңіл бөлінеді. Тісі толық болмаса науқас тамағын дұрыс шайнамайды деген қорытынды шығарылады, кариозды тіс болса ол инфекция ошағы болып саналады.т ілді қарағанда тіл үстін түбіне дейін көреді,ол өте көп мәлімет береді:
1.таза ылғалды - қалыпты жағдайда және асқазан ойық жарасының ремиссия кезеңінде
2.ақшыл - сұр тұтықпен қапталған және жағымсыз иіс беретін тіл - жедел гастритте
3.құрғақ тіл – перитонитте, асқазан перфорациясында, жедел панкреатитте
4.жылтыр тіл - асқазан рагінде
5.таңқұрай түсті жылтыр тіл - қан ауруларында
Ішті қарағанда оның топографиясын еске түсіре отырып конфигурациясын, көлемін байқайды. Өте арық адамдардаасқазандағы ісікте байқалып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |