Теориялық сұрақтар



бет36/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Копрологиялық зерттеу –асқазан-ішкек қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Нәжістің жалпы анализі нәжістің физикалық қасиеттерін тексереді . Химиялық және микроскопиялық зерттеулер жүргізеді. Жалпы талдау үшін нәжісті құрғақ, таза шыны ыдысқа жинайды. Нәжісті бөлінген уақыттан бастап 8-12 сағат аралығында зерттеу керек.
Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты. Тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дэрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Певзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы болады. Клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
Капрлогиялық зерттеудің қалыпты көрсеткіштерінде нәжісте қан, ірің, паразиттер болмау керек.
16. Нәжісті жасырын қанға тексеру, диагностикалық маңызы.
Нәжісті жасырын қанға тексеру, диагностикалық маңызы.
Нәжісті жасырын қанға тексеруге жинаудың мақсаты, қолдану көрсетілімі.
Асқазан-ішек жолдарынан жасырын қан кетуді анықтау үшін нәжісті жасырын қанға жинау жүргізіліп зертханаға жіберіледі
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас алда болатын анализге дейін 3 күн бойы диетада болуы қажет.
2. Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.
3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқада қан кету кезі болмағанын біліңіз, болған жағдайда оң нәтиже беріледі.
4. Егер жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын,
-3күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды.
-егер науқастың мұрнынан немесе геморойынан қан кету болса, зерттеу жүргізілмейді.
5.Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.
6.Науқасқа түсіндіріңіз,ішті босату унитазда емес,сусыз дәрет ыдысында (суднода)болу керек.
7.Үлкен дәретке отырған соң нәжістің қара әртүрлі учаскесінен 5-10г нәжісті қалақшамен алып,контейнерге салып,қақпағын жабыңыз.
8.Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.
9.Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
10.Қолыңызды жуып,кептіріңіз
диагностикалық маңызы.
Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырын қанды ағуды айқындау.
17. Бауырға пальпация жүргізу техникасы, диагностикалық маңызы.
Бауырға пальпация жасау техникасы»
1.Науқасты белге дейін шешіндіріп арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп , қолды көкірек қуысының үстіне қою.
2.Сол қолды оң қабырға доғасы аймағына қойып басу: төрт саусақты оң бел аймағына,ал бас бармақты оң қабырға доғасының алдында орналастыру.
3.Оң алақанды саусақтарды кішкене бүгіп алдыңғы құрсақ қабырғасына ортаңғы бұғана сызығынан төмен оң қабырға доғасының тұсына, бауырдың төменгі шетіне перпендикуляр тығыз орналастыру.
4.Тері қабатын жиырып, теріні төмен қарай сипалап жылжыту.
5.Дем шығару кезеңінде қолды жайлап құрсақ қуысына енгізу.
6.Науқасқа терең дем алуын сұранып, осы уақытта бауыр шетімен төмен терең енгізіп және саусақ ұшатарымен бауыр астынан сипалап шығады.
7.Осы тәсілді бірнеше рет қайталап, осы мезетте қолқимылсыз бір орнында тұрады. Өзгермеген бауырдың шеті терең дем алғанда қабырға доғасынан 1-2 см төмен сипаланады, шеті жұмсақ үшкір, ауырсынбайды .
18. Бауырға перкуссия жүргізу техникасы, диагностикалық маңызы.
-Науқас шалқасынан жатады, қолдарын дене бойына созылған ; іші ашық , киіммен бос;
-басы төмендеу орналасқан , аяғы сәл бүгілген;
-дәрігер оның оң жағында , қарсы бетпе-бет орналасады
-дәрігердің қолы жылы болуы қажет.
-М.Г.Курлов әдісі бойынша бауыр өлшемдері мен шекаралары 3 сызықтар бойымен анықталады.
Дәрігер оның оң жағында , қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы.
Бауырдың жоғарғы шекарасын анықтау:
1.оң бұғана ортаңғы сызығы бойымен 2-3 қ/а плессиметр – саусақты орналастырады;
2.орташа күшпен төмен қарай ашық өкпелік дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссия жасайды;
3.шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;
Бауырдың төменгі шекарасын анықтау:
1.бұғана ортаңғы сызылып бойымен кіндік немесе одан 2-3 саусақ төменінен плессиметр – саусақты орналастырады;
2.жоғары бағытта орташа күшпен ашық , яғни тимпаникалық дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссия жасайды;
3.шекара ашық дыбыс жағынан белгіленеді;
19. Бүйрекке пальпация жүргізу, диагностикалық маңызы.
Бүйрек пальпациясы ауру адамды тұрғызу немесе жатқызу түрде жүргізіледі.Тұрғызу арқылы науқасты пальпациялаған кезде,науқастың оң жағына тұру арқылы,науқастың жалаңаш денесіне төрт саусағымызды біріктіру арқылы жылы қолымызбен терең және беткей пальпациялаймыз.Пальпация алдында науқастың денесінде төмпешіктер барма жохпа,терісінің түсіне ,терісінің тазалығына мән береміз.Артқы 12 қабырғаның төменгі бөлігінен 3см алу арқылы кеуде омыртқаның бойынан аяқталған бөлігі мен бел омыртқаның бөлігінің екі жағына қарай пальпациялаймыз.Пальпация кезінде науқастан терең дем алып дем шығаруын өтінеміз.
20.Зәрді жалпы талдауға жинау, диагностикалық маңызы.
Зәр жинағанға дейін 48 сағат бұрын несеп айдайтын препараттарды қабылдамау (емдеуші дәрігермен келісу)
Зерттеуге дейін 24 сағат бұрын диетадан жіті, тұзды тағамдарды, сондай-ақ зәрдің түсін өзгертетін тамақ өнімдерін (қызылша, сәбіз) алып тастау керек
Зерттеуге дейін бір тәулік ішінде физикалық және эмоциялық күш түсірмеу
Несепті жинау сыртқы жыныс мүшелерінің гигиенасы жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады
Зерттеу үшін тәулік ішінде жиналған таңертеңгі несептің немесе несептің орташа бөлігін пайдаланады
Тәуліктік зәрді жинау
Несеп тәулік бойы жиналады: бірінші таңғы зәрдің бөлігі жойылады, одан кейінгі күн, түн және келесі күні таңертең бөлінген бөлігі бір сыйымдылыққа жиналады және тоңазытқышта (+4 + 8 С) сақталады
Зәрді жинау аяқталғаннан кейін ыдыстың ішіндегісін дәл өлшеп, міндетті түрде араластырып, кез келген дәріханадан алдын ала сатып алынған стерильді контейнерге бірден құйыңыз
Бұл контейнерді зерттеу үшін зертханаға апарыңыз
Барлық зәрді әкелудің қажеті жоқ
Несептің тәуліктік көлемін (диурез) миллилитрмен көрсету керек, мысалы: "Диурез 1250 мл»
Көлемі 7 мл-ден кем жиналған несеп зерттеуге қабылданбайды
Талдау жасау алдында зәрдің түсін өзгерте алатын көкөністер мен жемістерден бас тарту (қызылша, сәбіз), диуретиктерді қабылдамаған жөн
Зәрді жинау алдында жыныс мүшелерінің мұқият гигиеналық тазартуды жүргізу керек
Контейнерге шамамен 50 мл таңғы зәрді жинаңыз
Бірінші таңертеңгі зәр шығару кезінде зәрдің аз мөлшері (бірінші 1-2 сек.) унитазға шығару, содан кейін зәр шығаруды үзбей, шамамен 50 мл зәрді контейнерге жинау
Әйелдерге етеккір кезінде зәрді талдау ұсынылмайды
Зәрді жинағаннан кейін контейнерді мықтап жабыңыз
Контейнерді несеппен зертханаға 08:00-10:00 уақыт аралығында жеткізу қажет
Нечипоренко бойынша несеп талдауы
Көлемі 10 мл-ден кем жиналған несеп зерттеуге қабылданбайды
Зәрді жинау алдында
зерттеуі
Тәулікті зәрдің барлық көлемі жиналады
Зәрдің бірінші таңғы бөлігі қажет емес
Күндіз, түнде және келесі күнгі бөлінген несептің таңғы порциясы және барлық келесі порциялары тоңазытқышта жабық түрде сақталады (+4...+ 8°C, бұл қажетті шарт, өйткені бөлме температурасында зерттелетін аналиттің мазмұны айтарлықтай төмендейді)
Зәрді жинау аяқталғаннан кейін ыдысты зертханаға 08:00-ден 10:00-ге дейін жеткізу қажет
Несептің үш стақанды сынамасы
Зәрді жинау алдында жыныс жыныс мүшелерінің мұқият гигиеналық туалет жүргізу керек
Бірінші таңғы зәр шығару кезінде зәрдің аз мөлшерін (алғашқы 2-4 сек.) унитазға шығару, содан кейін зәр шығаруды үзбей, контейнерге жинау, оған 10-50 мл-ге дейін зәр жинау
Әйелдерге етеккір кезінде зәрді талдау ұсынылмайды
Зәрді жинағаннан кейін контейнерді мықтап жабыңыз
Контейнерді несеппен зертханаға 08:00-10:00-ге дейін жеткізу қажет
Тәуліктік несептегі ақуыздың жалпы мүшелерінің мұқият гигиеналық таулетін жүргізіңіз
Әйелдерге етеккір кезінде зәрді талдау ұсынылмайды
Зәрді жинау үшін контейнерлерді нөмірлеңіз 1, 2, 3. 1-2 есебінде (жалпы несептің 1/5 бөлігін) №1 контейнерге, 3-7 (жалпы несептің 3/5 бөлігін №2 контейнерге жинаңыз), қалған несепті №3 контейнерге жинаңыз
Зәрді жинағаннан кейін контейнерлерді тығыз жабыңыз
Контейнерлерді несеппен зертханаға 08:00-ден 10: 00-ге дейін жеткізіңіз
21.Зәрді Зимницкий тәсілімен жинау, диагностикалық маңызы.
Зимницкий байқауы- бұл бүйрек қызметінің функционалды байқауы,мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы анықтауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен ауыратын адамдарға кеңінен қолданылады.
Таңертең сағат 6 да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.Жеке номерленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.
✓1 порция-сағат 6-дан 9- ға дейін
✓2 порция сағат 9-дан 12-ге дейін
✓3 порция сағат 12-ден 15-ге дейін
✓4 порция сағат 15-ден 18-ге дейін
✓5 порция сағат 18-ден 21-ге дейін
✓6 порция сағат 21-ден 24-ге дейін
✓7 порция сағат 00-ден 3-ге дейін
✓8 порция сағат 3-ден 6-ге дейін
Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарамыз
Егер дайындалған контейнерге зәр сыймаса, қосымша ыдысқа жинап сыртына қосымша зәр порциясы ✓ белгіленеді. Порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі
22. Зәрді Нечипоренко тәсілімен жинау, диагностикалық маңызы.
Нечипоренко тәсілі -бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістерімен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді,белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.
Мақсаты: диагностикалық жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер)
1. Зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға "1,2" есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
2. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаймыз.
3. Жолдаманы толтырып, лабораторияға апарамыз.
Бұл әдісті кез-келген уақытта зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Формальды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
Лейкоциттер 1 мл-де 4000-ға дейін
Эритроциттер 1 мл-де 1000-ға дейін
Цилиндр - жоқ
23. Көкбауырға перкуссия жүргізу техникасы, диагностикалық маңызы.
.Көк бауырдың перкуссиясы. Ол үшін науқасты оң жақ бүйіріне жатқызамыз. Өте тыныш перкуссия қолданылады – ашық дыбыстан тұйық талған дыбысқа қарай жасаймыз. Перкуссия X қабырға бойымен жасалады. Көк бауырдың ұзындығын табу үшін X қабырға бойымен перкуссия жасаймыз, артқы қолтық асты сызығын ішке қарай және сол жақ қабырға доғасынан омыртқаға қарай ашық дыбыстан тұйықталғанға дейін жүреміз.
Көк бауырдың көлденесін табу үшін, осы табылған ұзындығының ортасын белгілеп, жоғарыдан төмен және төменнен жоғарыға қарай ашық дыбыс тұйықталғанша жүреміз. Бұл көк бауырдың көлденеңі болып табылады.
Қалыпты жағдайда көкбауыр ұзындығы 6-8см, ені 4-6см. Дерттің болуына байланысты көлемі ұлғаяды
24. Көкбауырға пальпация жүргізу техникасы, диагностикалық маңызы.
Көкбауыр 150-200г. Ұзындығы 8-15см, ені 6-9см
Көкбауыр пальпациясы
Науқас оң жақ қырымен, оң аяғын созып, сол аяғын тізе және жамбас буындарында бүгіп, сол қолын оң иығына немесе екі қолын жастанып жатады.
Көкбауыр пальпациясын жасау реттілігі:
1. науқасты ережесіне сәйкес жатқызу;
2. дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы;
3. қолдарды орналастыру – дәрігер сол қолын науқас кеудесінің сол бүйір бөлігінде басып орналастырып оның қимылын шектетеді;
4. алақан бүгілген 4 саусағымен қабырға доғасы астына орналасады – бұл жағдайда ортаңғы саусақ Х қабырғасының жалғасы ретінде болу керек.
5. тері қатпарын жасау – оң қолмен теріні төмен қарай, қатпар түзілгенше ығыстырады;
6. қолды құрсақ ішіне енгізу – тынысты шығару кезінде, оң қолды, сол жақ қабырға доғасы астына бағыттап, терең енгізеді;
7. науқастан терең дем алуды сұрап – осы кезде көкбауыр үлкейген болса, көкеттің қозғалысымен төмен түседі, ал оң қол жоғары көтеріліп саусақтар жазылып төменгі қырына жанасады – төменгі қыры туралы мәлімет алуға мүмкіншілік туады.
Қалыпты жағдайда көкбауыр пальпация әдісімен анықталмайды!!!
Дерттік жағдайда ұлғаюына байланысты пальпацияда анықталады.
Көкбауырдың шекаралары мен өлшемін анықтау үшін пальпация жасалынады.
25. Қанды биохимиялық талдауға қан алу техникасы, диагностикалық маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет