Жұмыстың құрлымы. Кіріспеден және қандай бөлімдерден тұратынын көрсету.
Жұмыстың жалпы көлемі. Жұмыстың неше беттен тұратынын анық етіп көрсетіңіз.
Қорытынды Жалпы жұмыстың негізгі бөліктеріне кіріспе және осы қорытынды бөлім жатады. Өйткені қорытынды бөлімде сіз өзіңіздің түйгеніңіз бен білгеніңізді, жұмыстың жалпы барысын саралаған сараптамалық көзқарасыңызды білдіресіз. Қорытындыңыз шашағы шықпаған тас түйін болса, жұмыс турасында жақсы баға алуға мүмкіндігіңіз бар.
Ескере кету керек, қорытынды жазуда сізден ұсыныс талап етіледі. Ұсыныс сіздің қосатын жаңалығыңыз болу керек.
Глоссарий
Болашақ студенттердің дені бұл сөзді түсінбей әрі ол жайында ұмытып кетіп жатады. Диплом жұмысы кезіндегі ең керекті бөлім де осы глоссарий. Бұл бөлікте сіз өзіңіздің жұмысыңызда пайдаланған негізгі терминдерді теріп жазып, оларға сөздік арқылы анықтама бересіз. Жұмыстың құндылығы мен сапасын көрсететін терминдер қатары осы бетте болуы маңызды.