Тақырыпқа сай ақпарат жинау Тақырып алған соң ең бірінші сол тақырып негізінде ақпарат жинау маңызды. Тақырыпқа сай ақпарат жинау дегеніміз кітапханадан том-том кітаптарды ақтару деген сөз. Тек кітап қоры емес, газет–журналдар, ескіден қалған қолжазбалар, сұхбаттар мен естеліктер де ескерілген жөн. Ескерте кету керек, тақырып сай келмейтін ақпаратты оқудың да, одан бір дүние табылып қалар деп адасудың да қажеті жоқ. Ең керекті он сөйлем алсаңыз да, мәнді әрі тартымды болу керек.
Тақырыпты тараушаларға бөлу әдісі Сіз өзіңізге берілген тақырыпты тараушаларға бөлу арқылы жинаған ақпараттарыңызды жүйелей аласыз әрі жазу кезінде қиналмай, "жеңілдік" аласыз. Жеңілдік дегеніміз, үлкен тақырыпты екі бөлімге (негізгі және қосалқы) бөліп, ол бөліктерден де тарауша шығарасыз. Алғашқы бөлімде теория бойынша жұмыс жасасаңыз, негізгі бөлімде тақырыптың тікелей өзімен айналысасыз. Әр тараушаға теңдей етіп ақпарат жинаңыз. Мәселен бір тараушаға 10 бет ақпарат жинап, сол бойынша ғана жұмыс жасаңыз. Екінші тарауға алаңдамаңыз. Өйткені тараушалар бірінен кейін бірі сізге өздері-ақ ыңғайланып қалатын болады. Бұл әрине сіздің жинақтаған ақпараттарыңыздың мәнділігіне де байланысты.