ауа отын зиянды газдар
2.16 Сурет. Төрт ырғақты дизельдің жұмысы. 1-цилиндр; 2-піспек; 3-шатун; 4-кривошип; 5-кіру клапаны; 6-шығу клапаны;
Цилиндрдегі қысым мен температура көтеріледі; жану өнімдері піспекке қысым түсіріп, оны төмен жылжытады да пайдалы жұмыс жасайды (3-ші ырғақ).
Піспек жоғары көтерілгенде (4-ші ырғақ) босаған газдар цилиндрден шығады. Сөйтіп, қозғалтқыштың жұмыс циклын құрайтын бұл процесстер піспектің төрт тактісінде, иінді біліктің екі айналымында өтеді. Пайдалы жұмыс жасайтын (біліктің айналуы) піспектің жұмыс жүруі болып тек үшінші ырғақ болып табылады.
Екі ырғақты қозғалтқыштағы (2.17 сурет) піспектің жоғары қарай қозғалуы кезінде (1-ші ырғақ) алдымен шығару терезелері жабылады, содан кейін үрлегіші жабылады, сосын барып ауа қысылады. Бұл ырғақтың соңында цилиндрге дизель отыны шашырап, ол лаулап өзі жанады.
Жану өнімдері піспекке қысым түсіреді де, оны жылжытып, пайдалы жұмыс жасайды (2-ші ырғақ). 2-ші ырғақтың соңында алдымен шығару терезелері ашылып, одан босаған газдар шығады, содан кейін үрлегіш терезелер ашылып, ол арқылы таза ауа келіп түседі. Сөйтіп, екі тактілі қозғалтқыштың жұмысы піспектің екі ырғағында, иінді біліктің бір айналымында өтеді.
Қозғалтқыш қуаты цилиндрде жанатын отынның санына пропорционалды болады, бірақ отын неғұрлым көп жанса, соғұрлым көп ауа беру қажет. Осыған байланысты қазіргі тепловоздардағы цилиндрге ауа (1,35-2,4) 105 Па қысыммен беріледі, бұл қозғалтқыш қуатын ұлғайтады. Цилиндрді таза ауамен зарядтаудың бұл тәсілі үрлеу (жел толтыру) деп аталады.
Қазіргі тепловоздарда екі ырғақты 10Д100 және төрт ырғақты 5Д49 қозғалтқыштары қолданылады.
1 ырғақ 2 ырғақ
Отын
2.17 Сурет. Екі ырғақты қозғалтқыш жұмысының сұлбасы. 1-піспек; 2-үрлеу терезелері; 3-шатун; 4-кривошип; 5-піспек; 6-шығару терезелері;
Д100 типті дизель – он цилиндрлі, екі ырғақты аралас үрлеу бар болады. Дизель блогы дизельасты рамалы, люктері бар қақпақпен жабылған. Цилиндрлердің төлкелерінің ортаңғы бөлігінде екі форсунка мен индикаторлық кран орнатылатын үш саңылау болады. Блоктағы түбірлі мойынтіректерге үстіңгі және астыңғы иінді біліктер салынған. Иінді біліктер бір-бірімен вертикалды беріліспен байланысқан. Төменгі иінді білік қосынды қуатты генераторға береді. Әр цилиндрлік төлкеде қарсы бағыипен төменгі және үстіңгі піспектер қозғалады, олар шатундердің көмегі арқылы білікпен жалғасқан. Қозғалу кезінде үстіңгі піспек астыңғыдан иінді біліктің бұрылу бұрышынан 12о қалып қояды. Бұрылу бұрышы астыңғы піспектің үстіңгі нүктесінен саналады. Үстіңгі нүктеге 10о қалғанда отын насостары форсункалар арқылы отынды жану камерасына шашырата бастайды. Шашыратуды бастау кезеңіне қарай жану камерасындағы ауаның температурасы отынның өзі жануы үшін жеткілікті деңгейде болады. Отынның жануы цилиндрдегі қысымның 9-10 МПа дейін көтерілуін қамтамассыз етеді. Газ қысымының әсерінен піспектер үстіңгі нүктеден тарқап кетеді де, шатундер арқылы иінді біліктерді бұрады. Үстіңгі нүктеден 124о арқылы астыңғы піспек табан жиегімен шығару терезелерін ашады. Босаған газдар шығару қорабы арқылы шығару коллекеторларына, одан әрі турбиналарға бет бұрады.
Үстіңгі піспек 140о арқылы үрлеу терезелерін ашады. Ауа ресиверінен түсетін ауа босаған газдарды ығыстырады да, цилиндрді таза зарядпен толтырады.
Үстіңгі нүктеден 236 0 арқылы астыңғы піспек шығару терезелерін жабады. Зарядтау үстіңгі піспек үрлеу терезелерін толық жапқан кезде, иінді біліктің үстіңгі нүктеден 244о бұрылған кезінде дизельдің жұмыс циклы қайталанады.
10Д100 дизелінің жалпы түрі 2.18 суретте берілген.
2.18 Сурет. Д100 типті дизель схемасы.
1-дизель асты рамасы; 2-дизель блогы; 3,11-шатун; 4,6-піспек; 5-форсунка; 7-цилиндрлік төлке; 8-тексері люктері бар алынып-салынбалы қақпақ; 9,18-түпкі мойынтіректер; 10,17-иінді білік; 12-ауаресивері; 13-үрлеу терезелері; 14-отын насостары; 15-шығару терезелері; 16-бшығару коллекторлары;
Д49 типтегі дизельдердің төрт ырғақты, V-тәрізді турбоүрлегіші және клапанның таратқышы бар. Цилиндрлер блогы рамаға орнатылған. Блок тіректеріне астыңғы жағынан ілмелер бекітіледі, олардың тесіктеріне түпкі подшипниктер кіргізіледі. Блокта цилиндр төлкелері орнатылған, олар қақпақпен жабылған. Цилиндр қақпақтарында шығару клапандары, кіргізу клапандары және форсункалар орналасқан.
Клапандар жетегі таратқыштар иінінен штогтар мен рычагтар арқылы жүзеге асырылады. Осы иінінен отын насостары әкелінеді.
5Д49 дизеліндегі жұмыс циклы иінді біліктің екі айналымымен орындалады. Иіннің астыңғы нүктеден айналуы кезінде цилиндрдің жұмыс көлеміндегі ауа піспек пен цилиндр қақпағының арасында, қысылу ырғағындағы үстіңгі нүктеге дейін 20о қысылады да, цилиндрге отын беріледі. Газдардың әсерімен кеңею тактісінде піспек төмен жылжиды да, тіркеме және негізгі шатун арқылы иінді білікті айналдырады. Төменгі нүктеге дейін 50о-та шығару клапандары ашылып, босаған газдар шығару коллекторына кетеді.
Шығару ырғағында піспектің жоғары қозғалуы кезінде босаған газдар итеріліп шығарылады. Кіргізу клапандары үстіңгі нүктеге дейін 55 о-та ашылады. Ашық шығару және кіргізу клапандарында цилиндр қозғалуы кезінде цилиндр сору ырғағында таза ауамен зарядталады. Піспек астыңғы нүктеден кейін жоғары қарай қозғалған кезде барлық клапандар 30о кешігіп жабылады. Қысу ырғағы қайта басталады да, барлық цикл қайталанады. 5Д49 дизелінің жалпы келбеті 2.19 суретте берілген.
2.19 Сурет. Д49 типті дизельдің схемасы.
1-дизель асты рамасы; 2-дизель блогы; 3-цилиндр; 4,6-клапан; 5-форсунка; 7-піспек; 8-шатун; 9-кривошип; 10-иінді білік;
Достарыңызбен бөлісу: |