Матрикс, онда днқ, рнқ, рибосомалар, ферменттер орналасады. Митохондрияның днқ-сы сақина тәрізді онда митохондриялық р-рнқ, т-рнқ, ақуыздарды синтезделуінн кодтайтын гендер бар. Митохондрияның негізгі қызметі
Қосымша қызметі: – стероидтық гормондарды және глутамин қышқылын синтездейді.
Рибосомалар
Рибосомалар
Прокариот және эукариот жасушаларында болады. Ұсақ органеллалар, пішіні 20 нм-ге дейін. 2-і суббірліктен тұрады, бір бірінен р-РНҚ және ақуыз молекулаларының санымен айырмашылығы болады.
Негізгі қызметі – ақуыз синтезі.
Рибосоманың екі популяциясы кездеседі:
Бос – өз жасушасы үшін ақуызды синтездейді.
2. ЭПТ-мен байланысты – жасушадан секреттелетін ақуызды синтездейді.
Майда дөңгелек органелла, диаметрі 0,3-1,5 мкм олар ЭПТ-дан түзіледі. Каталаза және пероксидаза ферменттерінен тұрады.
Пероксисомалар митохондрияларға ұқсас жасушадағы оттегін утилизациялау орталығы болып табылады, бірақ пероксисомалардағы тотығу реакциясы АТФ синтезімен байланысты емес.
Қызметі: пероксисомалар токсиндік заттарды залалсыздандырады. Алғашқы этапта оксидаздың көмегімен әртүрлі молекулалардың тотығуы жүреді:
RH2 + O2 R + H2O2
Ары қарай каталазалар әртүрлі токсиндік заттарды тотықтыру үшін сутек гидроксидін қолданады (фенол, формальдегид, этанол). Артық сутек пероксиді ыдырайды:
2H2O2 2H2O2+O2
Сонымен қатар пероксисомалар май қышқылдарының тотығуына қатысады.
Жасушалық қосындылар: май тамшылары, гликоген, ұйқы безі жасушасындағы – зимоген.
Жасушада қатынастар бір-бірімен арнайы құрылым – жасушааралық байланыс арқылы жүзеге асады.