жердегі еркін түсу үдеуі есептеледі. Еркін түсу үдеуін есептеу нәтижелері бойынша пайдалы қазба байлықтар қоры жатқан аймақты анықтауға болады. Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тер- беліс периодының тербеліс амплитудасына тәуелді болмайтындығын 1583 ж. итальян- дық ұлы физик әрі астроном Галилео Галилей ашқан болатын. Бұл жаңалық де- нелердің механикалық тербелістерінің ал- ғашқы негізгі заңдарының бірі болып табы- лады. Аңыз бойынша Галилей бұл жаңа- лықты шіркеудегі шырақтың шайқалуын бақылай отырып ашқан екен. Галилей ма- ятниктің тербеліс периодының оның амплитудасына тәуелді болмайтынын тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, маят- никтерді уақыт өлшеуіші ретінде сағат- тарда пайдалануды ұсынды. Алайда тек 70 жылдан астам уақыт өткенде, 1656 ж. X. Гюйгенс осы идеяны жүзеге асырып, ал- ғаш рет маятникті сағат құрастырып шығарды. Masses and Springs: Basics (colorado.edu) Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық. Мұндай қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды. Егер серіппе l ұзындыққа созылса немесе сығылса, онда денені тепе-теңдік күйіне қайтаратын Ғ күші туындайды. Ұзару шамасы азғантай болған кезде бұл күш серіппенің ұзаруына пропорционал болады, яғни Гук заңы бойынша: Ньютонның 2-ші заңын пайдалансақ, дененің қозғалыс теңдеуін мына түрде жазуға болады: бұдан, Гармоникалық тербелістердің жиілігі 1с ішіндегі тербелістер санын көрсетсе, циклдік жиілік секундтағы тербелістер санына тең болады, яғни: