Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылатын жұмыс түрлері



бет1/2
Дата24.04.2023
өлшемі63,14 Kb.
#86409
  1   2



Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
Тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 9 бағыты бойынша жүргізіледі
І. Мақсаты
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Оқушылар бойында азаматтық сана, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыру,ұлттық тәрбиежүйесін дамыту және жаңғырту, патриотизимге тәрбиелеу.
Оқушылардың құқықтық сауатын жетілдіру, комьпютерлік сауаттылық, шет тілдерін білуге, өз бетінше ізденуге үйрету және әдеби кітаптарды оқуға баулу,білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру.Ұлттық тәрбие жүйесін,тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз және жоралғыларымызды дамыта отырып,ұлт аралық татулыққа баулу. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Туған жердің тарихы мен шежіресін зерделеп, зерттеуге бағыттау.
Оқушыларды мінез –құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып,оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу.

ІІ. Міндеттері:
1. Балалар мен жасөспірімдерді азаматтыққа , адамгершілік пен имандылыққа отансүйгіштікке және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін, ана-тілін, дәстүрін және басқа да құндылықтар арқылы өз отбасын құрметтеуіне ықпал ету.
2. Азаматтық белсенділік көрсете алатын, саяси жүйені түсіне алатын тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге қалыптастыру.
3. Кәсіби шығармашылық танымын кеңейту, мамандықты дұрыс таңдауға бағыт- бағдар беру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
4. Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету. Ұлттық сана сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген,елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу
5. Тұлғаның еңбек дағдыларының,зияткерлік мүмкіндіктерінің, көшбасшылық қасиеттерінің және ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға қабілетті, патриот тұлғаны тәрбиелеу
ІІІ. Нәтиже
Тәрбиелік шаралар арқылы оқушылар:
жауапкершілігі мол, белсенді азаматтық ұстанымы бар;
өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайтын және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылатын;
мәдениеттер мен көзқарастардың әр алуандығына құрметпен қарайтын;
өздерінің қоғамдағы орнын табуға талпыныс жасайтын, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, оларды тиянақты орындайтын дәрежеге жетеді. Әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін және отбасылық сыйластық пен татулық,қамқорлық, сезімдері қалыптасады. Өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын тұлға болуға дағдыланады.Интернет кеңістегіндегі киберқауіпсіздік мәдениетін сақтайтын тұлға қалыптасады.


Қыркүйек





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет