Тәрбие басы - тіл
Қарағанды экономикалық
университетінің 40 жылдағы қарсыңында
Еліміз егемендігін алып, жаңа
өмірге алғаш қадам басқан кезеңде
Қазақ тұтыну кооперациясы институ-
тында да елеулі өзгерістер енгізіліп,
заман талабына сай батыл қадамдар
жасалып жатты. Солардың бірі -1991
жылы қыркүйек айында қазақ тілі,
Қазақстан тарихы мен мәдениеті ка-
федрасының ашылуы болды. Кафед-
раның меңгерушілік қызметіне фи-
лолгия ғылымдарының кандидаты,
доцент Хайролла Мырзағалиұлы
Нұрмұқанов шақырылды. Бұл қадам
«Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге
асыру мақсатында атқарылмақ шара-
лардың бастамасы болатын. Осы ша-
раны жалғастыру үшін университетте
«Мелмекеттік тілді қолдану мен дамы-
ту бағдарламасы» жасалды. Бұл бағ-
дарламаны орындау барысында ал-
дағы жылы құрылғанына 15 жыл тол-
ғалы отырған кафедра университе-
тінің оқу-әдістемелік, ғылыми-тәрбие
жұмыстарына үлкен үлес қосумен
қатар студенттер мен оқытушыларға,
университет қызметкерлеріне
«ауызекі сөйлеу тілі», «ана тілі
деңгейі», «ғылыми стиль» курстары
бойынша қазақ тілін үйретуде зор
еңбек сіңіріп келеді.
«Қазақ тілі» пәнімен кафедра
оқытушылары «Мемлекетіік тілде іс
жүргізу», «іс жүргізу және іскерлік
қатынас» пәндері бойынша және
университеттің магистратура
бөлімінде «Мемлекеттік тілде іс
жүргізу және іскерлік қатынастың тео-
риясы мен практикасы» пәнінен дәріс
оқып, семинар сабақтарын жүргізеді.
Қазір бүкіл өркениетті елдерде
ұлттардың өзін-өзі тануы - ұлттық са-
наның оянуымен сипатталады. Осы
бағытта атқарылып жатқан істер
ауқымы да ұлғайып, уақыт өткен сай-
ын жаңарып, заман талабына сәйкес
жүргізілуде.
Тіл қашан да ұлт мәдениетінің,
өнер-білімнің ұлы қаруы саналатын-
дықтан, қазақ тілінің келешегі - тіл жа-
нашырларының бүгінгі таңда атқарып
жатқан жұмыстарына байланысты
деп тұжырым жасайды кафедра
оқытушылары.
Оқу бағдарламасы бойынша ка-
федрада оқытылатын пәндер оқу
құралдарымен жәнө қосымша әдеби-
еттермен толық қамтамасыз етілген.
Кафедра пәндері арнайы қазақ тілі
және этномәдениет кабинетінде,
бүгінгі күннің талаптарына сай техни-
калық, құралдармен жабдықталған
қазақ тілінің лингофон кабинет-
терінде өткізіледі.
Жергілікті ұлт өкілдеріне ана тілін,
өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді
үйрету арқылы жастарға патриоттық
тәрбие беру, олардың отансүйгіш-
тікке, ел қадірі мен жер қадірін
құрметтеуге баулу - әр оқытушының
алға қоиған басты міндеті. Мемле-
кеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,
оны насихаттау мақсатында жыл сай-
ын республика, облыс, қала көлемінде
және жоғары оқу орындары арасында
өткізіліп жататын сайыстардың
жеңімпаздары қатарын ҚЭУ
студенттері де толықтыруда.
Қазақстан халықтары тілдері күні
қарсаңында өткізілетін түрлі тіл сайыс-
тарына, көркемсөз оқу шеберлерінің
байқауларына, қаламыздың жоғары
оқу орындары арасында өткізілетін
«Қазақшаңыз қалай?», «Арқа аруы»,
«Жігіт султаны», ақын-жазушылардың
мерейтойларына арналған әдеби-му-
зыкалық кештер және басқа шаралар-
ға қатысып, университет студенттері
бірнеше рет жүлделі орындар иегері
болды. Университетте өзге ұлт
өкілдерінен құрылған «Бірлік» коман-
дасы кафедра ұжымының сенімді
серігіне айналған.
Жыл сайын өткізіліп тұратын Рес-
публикалық «Жастар - Қазақстанның
болашағы» атты аймақтық
фестивалінің «Мелмекеттік тіл - менің
тілім» сайысына қатысқан студенттер
үнемі жүлделі орындардың иегерлері
атануда. Соңғы үш жыл ішінде өткен
Аймақтық фестивальдің «Мемле-
кеттік тіл - менің тілім» атты өзге ұлт
өкілдері арасындағы сайыстарда
«Қарағанды мемлекеттік медицина
академиясында (2003 ж.) өткең Ү
фестивальда экономика және басқ-
ару факультетінің студенті Алла Со-
колова II орынды, Жезқазған қала-
сында (2004ж) өткен ҮІ аймақтық фе-
стивальда есеп-қаржы факультетінің
студенті Ксения Попова II орынды,
Теміртау қаласында (2005ж) өткен
аймақтық ҮІІ фестивальда есеп-қар-
жы факультетінің студенті Артем Фи-
лимоненко III орынды иеленді. Осы
фестивальда экономика және бас-
қару факультетінің студенті Маркиза
Аханова «Тектілердің тұғыры -
Теміртау» тақырыбы бойынша
өткізілген ақындар айтысында I
орынды жеңіп алды.
2004 жылы Оралхан Бөкей атын-
дағы облыстық көркөмсөз оқу
шеберлерінің сайысында бизнес
және құқык, факультетінің студенті
Ақтоты Әлжаппарова бас жүлдені
жеңіп алып, Астана қаласында
өткізілген Республикалық сайыстың
дипломанты атанып қайтты. Ал осы
жетістіктер - кафедра оқытушылары
еңбегінің нәтижесі.
2004 жылы облыс бойынша
өткізілген «Арқа аруы мен сал
серілері» байқауына кафедра оқыту-
шылары студенттер Айнара Қоржын-
баева мен Руслан Қонысбаевты дай-
ындады. Бұл сайыстың сындарынан
мүдірмей өтіп, экономика және бас-
қару факультетінің студенті А.Қор-
жынбаева «Арқа ару» атанды.
Негізінен экономист, қаржыгер
және заңгер мамандықтары бойынша
білім алатын жастардың түрлі өнер са-
лаларында жүлделі орындарға ие бо-
луы олардың икемдігі мен талабын
көрсетсе, сонымен қатар, жетекшінің
студент бойындағы өнерді аша білу
шеберлігін байқатады. Бұл тек қазақ
тілі және Қазақстан мәдениеті кафед-
расы оқытушыларының атына ғана
айтылған пікір емес, атап өту керек,
бұл - университет ректоры - экономи-
ка ғылымдарының докторы, профес-
сор Ерқара Балқараұлы Аймағам-
бетовтің ұстап отырған бағыты. Бұған
дәлел, жерлесіміз, белгілі жазушы
Ғабиден Мұстафиннің 100 жылдық
мерейтойы ҚЭУ-де тойланғаны бар-
шамызға аян. Республикамыздың
түкпір-түкпірінен келген ақын-жазу-
шылар мен белгілі қоғам қайрат-
керлері бас қосқан осынау жиында бірі
топ белгілі жазушылар атынан: «Эко-
номикапық реформалар кезінде қай-
та құрылған университет өзінің тума
рухани өзегі - әдебиет пен өнерді де
жоғары ту ғып ұстанғанына бек риза-
мыз. Экономикалық университет
бола тұра, өте жоғары дәрежедегі
осындай іс-шара өткізу - үлкен ерлік
деп санаймыз. Университет ректоры
на, қазақ тілі кафедрасы ұжымына ал-
ғысымызды білдіреміз»- деп жазыл-
ған қолтаңба қалдырылыпты. Осы
шараға қатысқан қонақтардың
ескерткіш қолтаңбалары жазылған
фотоальбом кафедраның құнды
мұралары қатарына кіреді.
Кафедра оқытушылары үшін бас-
ты мақсат - өз пәндерін оқып-білу,
оны үйрету ғана емес, жалпы халық-
тың мәдениеті мен тарихын, әдебиеті
мен өнерін, салт-дәстүрін білу және
оны сабақ барысында қолдану. Осы
мақсатта кафедраға тіл білімнің
белгілі мамандары шақырылып, се-
минар сабақтары өткізіліп тұрады.
Кафедраның шақыруымен келген
белгілі ғалым, жазушы филология
ғылымдарының докторы Ақселеу
Сейдімбек университет оқытушыла-
ры алдында «Қазақ халқының
этномәдениеті» атты баяндама жаса-
ды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл
білімі институтының профессоры,
филология ғылымыдарының докто-
ры Б.Әбілқасымов университет
студенттерімен кездесу өткізіп,
оқытушыларға тіл білімінің өзекті
мәселелері туралы дәріс оқыды.
Осындай кездесулер университет
әкімшілігі тарапынан әрдайым қызу
қолдау тауып, кафедра мүшелерін
жаңа жетістіктерге жігерлендіріп
отырады. Сайып келгенде азат елдің
жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-езі сенімді, интеллекту-
алдық деңгейі биік, жан-жақты аза-
мат етіп тәрбиелеуде ана тіліміздің
атқарар қызметі зор.
З.ТҮСІПБЕКОВА,
қазақ тілі және Қазақстан
мәдениеті кафедрасының аға
оқытушысы.
О р т а л ы қ Қ а з а қ с т а н . - 2 0 0 6 . - 2 2 м а у с ы м