Тәрбие жұмысын жоспарлау


Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс



бет4/5
Дата08.10.2023
өлшемі9,76 Mb.
#113447
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Елдартәрбие

5. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс

5. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс

Бұл бөлімде оларды сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер педагогикалық кеңесте талқылау үшін мәселелер белгілейді.

Тәрбие жұмысының жоспары өткізілетін іс-шараның атауы, өткізу формасы, орындалу мерзімі және орындайтын тәрбиешінің аты-жөнін қамтиды.

Тәрбие жұмысын жоспарлауда әрбір сынып жетекшісі өзі жұмыс жасайтын білім мекемесінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, формаларын, ұжымның тәрбиелік деңгейін ескеруі қажет.

Тәрбие – оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. «Тәрбие жұмысының формасы» тәрбиеленушілердің нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің құрылымын, оның мазмұнын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.

  • Тәрбие – оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. «Тәрбие жұмысының формасы» тәрбиеленушілердің нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің құрылымын, оның мазмұнын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.
  • 1-4 бастауыш сыныптарда өзін-өзі басқару жүйесі арқылы олардың қабілетін ұштау, әлеуметтік орындарға көзқарасын дұрыс қалыптастыру және сыйлауға баулу міндеті қойылады да, осыған бағытталған «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Мен нені жақсы көремін?», «Көзіңмен көргенді, қолыңмен жасауды қалайсың ба?» және т.б. жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады.

5-9 сыныптарда оның әлеуметтік басқарушылық іс-әрекетіндегі қабілеттерін дамыту, топ басшы рөлі негізінде өзінің саяси ұстанымын және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жігіттік шаққа бір қадам» дөңгелек үстел, «Адам – жұмбақ әлемі» конференция, «Жағдай жасалмаса, жеке тұлға қалыптасады ма?» атты пікірталас ұйымдастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет