Тәрбие жұмысының жоспары 2023-2024 оқу жылы Сынып жетекші: Жамбыл С. Ж. Сыныбы



бет3/10
Дата19.10.2023
өлшемі172,03 Kb.
#119156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тәрбие ЖОСПАР 7 г Жамбыл С

Тәрбие жұмысының мақсаты :
Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, адалдық пен мейірімділікті ту етер иманды адам, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбиенің міндеттері:
- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;
- салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, ішкілікке, есірткіге әуестенбеуіне жол бермеу;
- мемлекет заңдарын және рәміздерін білу, оған сый құрметпен қарау;
- еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру;
- ұлдар мен қыздар арасындағы сыйластық, достық қарым-қатынасты нығайтуға және бір-бірін құрметтеуге үйрету;
- қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз елін, жерін, қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
- өздігімен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі басқару мен тәрбиелеуге дағдыландыру;
- қоршаған ортаны сүюге, оған өз үлесін қосуға тәрбиелеу;
- ұлттық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, басқа ұлттың өкілдерін, мәдениетін, өнерін сыйлай білуге үйрету, өзара сыйластық, достық, негізінде өмір сүруіне ықпал жасау.


Күтілетін нәтиже:
Отансүйгіштік, ойшыл, ұлтжанды, қабілетті, мәдениетті, алғыр, нарықтық экономикасы дамыған, көп ұлтты қоғамда өмір сүре білетін, өзін-өзі дамыту, батыл, ізденіс құзырлығы бар тұлға тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары:



  1. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
    Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;

  4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
    Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;

  5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан
    Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;

  6. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңы;

  7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі

№ 319 Заңы;

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
    № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік
    бағдарламасы;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.

  3. Біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы 2023 жылғы 19.09. №294 бұйрық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет