Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушылардың адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.
Тәрбие құралдары:
Іс әрекет түрлері (ойын еңбек)
Заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар)
Рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам өмір)
Бұқаралық ақпарат құралдары
Педагогикалық ықпал жасау құралдары
34. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы. «Атамекен» бағдарламасының мазмұны
«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы
«Атамекен» бағдарламасының мазмұны
35. Волонтерлі қызметінің негізгі мақсаты, міндеттері.
Волонтерлік қызметтің мақсаттары:
1) жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар;
2) қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.
Волонтерлік қызметтің міндеттеріне:
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;
2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;
3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
4) волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;
5) волонтерлер топтарын - волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды орындаушыларды жасақтау;
6) волонтерлік қызметке оқытуды ұйымдастыру жатады.
3. Волонтерлік қызмет саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмайды.
4. Кез келген нысандар мен көріністердегі терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді көздейтін волонтерлік қызметке тыйым салынады.
5. Әскерилендірілген құрылымы, нысаны, арнаулы айырым белгілері, әнұрандары, жалаулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше жағдайлары, қаруы, соның ішінде имитациялық қаруы бар әскерилендірілген құралымдар үлгісі бойынша волонтерлік ұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында құруға тыйым салынады.
36. Мектеп пен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының өзара байланысы және ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |