41. Тәрбие процесі – арнайы ұйымдастырылатын, басқарылатын және бақыланатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеті. Оның мақсаты – қоғамның сұранысынан шығатындай тұлғаны қалыптастыру (мәдениетке бейімдеу; рухани жетілдіру; қарым-қатынас мәдениетін, көзқарасын қалыптастыру; психикасын, қабілетін дамыту; басқаның ақылын қабылдауға, қажетсінуге бағдарлау; өзінің көзқарасын дәлелді жеткізе білуге баулу; тұлғалық көзқарасын әлеуметтендіру болып табылады).
Тәрбие процесінің мәні – әртүрлі тәрбиелік іс-әрекетерді ұйымдастыру шарттарымен айқындалады. Тәрбие процесінің құрылымы: 1.Ағарту ісі (әңгіме, лекция, конференция т.б.);
2.Қарым-қатынасты қалыптастыру (микроклимат, қатынас мәнері т.б.);
3.Іс-әрекетті ұйымдастыру (дербес шығармашылық, ұжымдық жұмыстар т.б.)
Тәрбие процесінің осы үш бағытының нәтижелі болуы: оқушының оларды қажетсінуіне, сұранысына байланысты: ●білімді қажетсінуі;
●өзін-өзі танытуды, көрсетуді қажетсінуі;
●басқа адаммен қарым-қатынасты қажетсінуі т.б.
Тәрбие процесі диалектикалық құбылыс. Ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады.
4 2
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлға дамуының ең жоғары сатысы. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі барлық балада бір мезгілде пайда болмайды. Өзін-өзі тәрбиелеу мазмұнының жетекші компоненті (құрамы) –адамгершілік, ерік, жігер.
Өзін-өзі тәрбиелеуге мынадай жағдайлар ықпал етеді:
қоғамның пікірі;
өзара қатынас барысындағы батылдылық;
ұжымдағы жағымды жағдайлар (түсінушілік, сыйластық);
өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалімнің әдіс-тәсілдерді таңдауға көмегі т.б.
өзінің ісіне, қылығына баға беру (өз ісін бағалауы);
өзін-өзі бақылауы;
өз-өзіне сенімі т.б.
Қайта тәрбиелеу –тұлғаның қалыптасу барысындағы тәртібінде кездесетін жағымсыз қасиеттерді жоюға бағытталады.
43
Т
әрбие заңдылықтары деген түсінік – тәрбие процесінде тұрақты түрде қайталанып отыратын аса маңызды байланыс дегенді білдіреді. Оны жүзеге асыруда тұлға қалыптасып, дамиды, тиімді нәтижеге жетеді.
45 Өзін-өзі тәрбиелеу– тұлғаның ортамен белсенді қарым-қатынасының нәтижесінде туындайтын мақсатты тәуелсіз (дербес) және саналы іс-әрекеті
.
Қайта тәрбиелеу – тұлғаның қалыптасу барысындағы тәртібінде кездесетін жағымсыз қасиеттерді жоюға бағытталады.
Қайта тәрбиелеу процесінің мақсаты – адамгершілік қасиеттерді дамыту барысында кездесетін кемшіліктерді жою, сабақта, сабақтан тыс іс-әрекеттерде белсенділікті арттыру.