Тәрбие сағаты – сыныптар Тақырыбы: «Аулақ бол жаман әдеттен!»


-оқушы:  Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты. 4-оқушы



бет5/6
Дата31.10.2022
өлшемі26,48 Kb.
#46543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
3-оқушы: 
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
4-оқушы:
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
5-оқушы: 
Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді
10. Жұмбақ шешу.
1)Қол ұшын беріп, 
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып, 
Ренжи қалса , жұбататын
адамды кім дейміз? (дос)

2)Дәптеріне әріпті


Қаздай тізіп жазатын
Үйді таза сақтайтын, 
Кітаптарды шашпайтын
баланы кім дейміз? (ұқыпты)

3)Түймесін де қадайтын, 


Сабақтан да қалмайтын, 
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін
баланы кім дейміз? (еңбекқор)

4)Ән де айта алатын, 


Би де билеп беретін, 
Домбырада күй ойнап, 
Сурет сала білетін
баланы кім дейміз? (өнерлі)

5)Жаны үнемі жадырап, 


Күлімсіреп қарайтын
Жылы сөздер айтатын, 
Жүрегі жұмсақ адамды
кім дейміз? (мейірімді)

6)Үлкеннің жолын кеспейтін, 


Сәлем беріп жүретін, 
Кішіге ізет білдіріп
Қамқоршы бола білетін
баланы кім дейміз? (әдепті)
7-оқушы: 
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
8-оқушы:
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Біз қазір оқушы болғандықтан, ата-ана, ұстаздар қауымы да біздің болашағымызға алаңдайды. Мемлекетіміз оқушылардың тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп, тырмысып жатады. Ал, біздің деніміз сау, дене мүшелеріміз бүтін. Осы денсаулығымызды зиянды әдеттермен улап, өз болашағымызға балта шаппайық.Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жанымызға серік етейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет