Асем Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.
Ерназар Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Алтынай Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.
Тоқтар Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.
Ана десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Камила Аналарды ардақтаған халқымыз
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Оқушылардың орындауында «Вальс» биі. Ұлдардың орындауында «Менің анам алтын» Сахналық көрініс «Әжесі мен немересі» Қыздардың орындауында «Асыл анам» ІІ-бөлім.«Көктем аруы» сайысы Мұғалім: Ал, құрметті қауым, енді кешіміздің екінші бөлімін «Көктем аруы» сайысын бастайық.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!