Тәрбие сағаты: «Анамның аялы алақаны»


ІV-кезең.«Өнерлі өрге жүзер»



бет4/4
Дата02.07.2023
өлшемі24,24 Kb.
#103943
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаты Анамның аялы алақаны

ІV-кезең.«Өнерлі өрге жүзер»
(арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді)
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.
V-кезең. «Шебер қыздар»
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың шеберлігін көрейік.
Икем менен әйдігіне қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
Инежіпке бисер өткізу (1 мин кім көп тізіп шығады).
Аппликация (гүл жапсырмалау)
VІ-кезең.«Сән үлгісі»
(қолдан тіккен киім үлгісін көрсету)
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
— Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті, арулар 6 кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті.Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Марапаттау.
Ата-аналар атынан Абильмажинова Алтыншаш Қасымқызы және директордың оқу ісі орынбасары Нуртазина Динара Бакуқызына құттықтау сөзі беріледі.
Мұғалім:
-Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
— Осымен 8-наурыз мейрамына арналған шағын тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Мерекелеріңізбен!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет