Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем»



бет17/25
Дата18.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#117877
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
 ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
Оқушы тақпақтары:
Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
Ән «Ананың тілі»
Туған тілім- тілі ата бабамның,
Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
Қайда жүрсең меніменен біргесің,
Түсінікті сендей жақын маған кім.
Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
Хандардың қайталама қатерлерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашанда баталарын.
Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.
Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.
ІV. «Кім шапшаң?».
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
1,Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, - депті Абай атамыз.
2.Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
Сөз өнері-киелі өнер.
3.Өнер алды- қызыл тіл.
Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал құрастыру.
( ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел, ана).
VІ.Қорытынды:
Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қопа орта мектебі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет