Осы сөздердің бір сөзбен қалай алмастырып айтуға болады.
Дұрыс айтасыңдар! Олай болса бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет!» деп аталады.
Енді тақтаға қарайық, мейірімділік дегеніміз не екен?
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Алған жүректің түсіне қарай топтарға бөлініп отырады.
Топтар жазған сөздерін оқиды.
Мейірімділік
Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.
Мейірімділік Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.
«Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.
«Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.
Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.
«Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.
Сонда қыз:
Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.
Маған да айтшы, - деді балапан.
Мәтінді аяқтау тапсырылады.
Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.
Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деен осы – дейд қыз.
Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.
Балалар оқып мәтінді, топпен ақықлдасып, өз ойларымен аяқтайды.
Суретпен жұмыс
Топтарға сурет беріледі.
Қуыршақтың сүретін алып, нашар сөздерді айту арқылы қиылған қуыршақ макеті шетінен бүктеледі.
Соңынан оны жұбату үшін жақсы сөздер айтылды. Жұбату үшін қанша жылы сөз айтсақ та, адамның жүрегінде сондай із қалады деген қорытындыға келдеді. Сондықтан, бірімізге біріміз қайырымды, мейірімді болайық
Сурет бойынша мейірімділік туралы әңгіме құрастырады.
Жақсы, жаман сөздер айтады.