«Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек»
И. П. Павлов
«Ия, жоқ» ойынымен аяқталық.
1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия
2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш немесе төрт рет
3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия
4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия
5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.
«Уақыт шеңбері» Тамақтану туралы ырым- тыйым, мақал- мәтелдерін оқушылар ортаға салады.
Қорытынды: Жалпы дұрыс тамақтану деген сөзге толығырақ тоқталсақ:
Уақтылы тамақтану.
Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды.
Тамақты дұрыс ішіп-жеу.
Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.
Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.
Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.
Қорыту: Адам баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі - денсаулық болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы мықты әрі күшті, ой-өрісі кең болады.
Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.