«Көкөніс базары» ойыны. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)
Көкөніс қайда? (Бақшада)
2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)
3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)
4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)
5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)
6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)
7. Көкөністер туралы ертегі бар ма?
8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?
9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)
10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)
11Мына өлеңде қандай көкөністердің атауы бар?
Бақшасында атамның
Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
қарбыз, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Шалқан болса тағы бар.
12.Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
13.Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық. (Пияз)
14. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?
- «Тамақтану бағдаршамы » ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе- қызыл түсін көрсетеді. (балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық) «Жағдаяттарды шешу»
1 оқушы:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Жауабы:Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет
ІІ оқушы:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап.
Сұрақ: Алма неге Айгүлге олай айтты.Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?
Слайд көрсету
ІІІ оқушы
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
Жауап: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын.
4 оқушы:
Асханада Айгүл тамақ жеп отырып, балалармен сөйлесіп, қатты күліп отырды.Ұстазы оған жақын келіп, -Айгүл, асханаға сен не үшін келдің?-деп сұрадф. Айгүл үндемей қалды.
Сұрақ: -Айгүл неге үндемей қалды? Оған қандай кеңес бере едіңдер?
Ал қазір «Дұрыс тамақтанудың» кестесін құралық. Әр топқа кеңестер жазылған кеспелер беріледі. Егер оқушылар келіссе, тақтаға апарып жапсырады.
Күніне 3-4 рет уақытында тамақтану қажет.
Тағамды 3-4 сағаттан соң қабылдау керек
Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолды сермеме
Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3. Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6. Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.