Тәрбие сағаты Тақырып: Құқықтық сауаттылық – заман талабы



бет6/13
Дата13.05.2023
өлшемі66 Kb.
#92750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәрігер (Жанжігіт): Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

2-жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.


Социолог (Әділбек): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.


Осы ақпарат туралы мектеп психологының пікірін білсек.


1-жүргізуші: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Раушангүлге сөз береміз.


Химик (Тлеген): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 0 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде өкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.


Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Меруерт апай сіздің қосар пікіріңіз бар ма?


2-жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігері Мирасбектен сұрасақ.


Дәрігер: Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет