Тәрбие сағаты Тақырып: Құқықтық сауаттылық – заман талабы



бет8/13
Дата13.05.2023
өлшемі66 Kb.
#92750
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
тарбие сагат

Тәрбие сағаты


Тақырып: «Жақсы қасиет отбасымен дариды».
Топ жетекшісі: Баялы А.А.
Топ:ТҰ-Н 21-2

Тараз 2022ж



Тақырыбы: Жақсы қасиет отбасымен дариды
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Білімгердің жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: слайд, «Бала тәрбиесі» жөнінде бейнеролик, қанатты сөздер, нақыл сөздер сергіту .
Кұрметті білімгерлер! Бугінгі «Отбасы бакыт мекені» атты тәрбие сагатымызга кош келдініздер!
Кіріспе сөз. 
Ата- ананың басты қуанышы - бала.Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
І тапсырма: Мақал - мәтел мәнін түсіндіру
1. «Анаң - асыл қазынаң, әкең - асқар тау».
2. «Біреу әкеге тартып туады,біреу әкеден артып туады»
3. «Бала - біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет