Тәрбие сағатының өткізілген күні



бет2/4
Дата10.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#80858
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрие сағатының хаттамасы

IV. Пікірталас
Қазақстанда өлім-жітімнің 84%-ына негізгі 4 ауру себеп:

  • жүрек-қан тамыр аурулары (жүректің ишемиялық ауруы және инсульт);

  • онкология аурулары;

  • өкпенің созылмалы респиратор аурулары;

  • қант диабеті.

Бұл жұқпалы емес ауруларға маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу секілді зиянды әдеттер, нашар экология, дұрыс тамақтанбау және қимыл-қозғалыстың аз болуы, оның ішінде күні бойы отырып жұмыс істеу cалдарынан пайда болады. Ал инфекциялық аурулардан көз жұматындар үлесі – 10-11%.
1. созылмалы обструктивті өкпе аурулары – нақты бір ауру емес, бұл өкпеге келіп тұратын ауа ағымының шектелуіне алып келетін созылмалы өкпе аурулары үшін қолданылатын жалпылама термин. Бұл темекі шегушінің жай жөтелі емес, жеткілікті түрде диагноз қойылмайтын, өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы. СОӨА негізгі белгілері ентікпе немесе ауа жетіспеушілік сезімі, қақырықтың көп бөлінуі және созылмалы жөтел болып табылады.
Тыныс алу жүйесінде: созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, өкпенің желдетілуі (вентиляциясы) бұзылады. Темекінің түтіні өкпенің ұяшықтарындағы макрофагтардың лизосомалары мен фаголизасомаларын бүліндіріп, олардың фагоцитоздық белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда цГМФ алмасуы бұзылудан болады – деген жорамал бар. Өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп – қатер төндіреді. Өйткені темекі түтінінде болатын 3,4 бенз (а) пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға жатады.
2. Ішімдік – жүйке уы. Организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, орталық жүйке жүйесін улап, қоректену процесін бұзады.
Алкогольдің миға әсерінен нейромедиатрлардың деңгейі өзгереді. Ол өз кезегінде нейрондардан бастап, бұлшықет тініне импульс жеткізуші. Нейромедиаторлар сыртқа тітіркендіргіштерге, эмоцияға, қимыл-қозғалысқа жауап береді. Олар мидағы электрлік белсенділікті арттыруы мүмкін немесе керісінше. Тежегіш нейромедиатрлардың ең маңыздысы – гамма-аммин май қышқылы. Алкоголь оның эффектісін арттырып, адамның іс-қимыл мен сөйлеуін бәсеңдететін әсер береді.
Жалпы, ұзаққа созылған алкогольмен аурудың үш сатысын көрсете кетсек, біріншісі – ішімдікке шамадан тыс құмартудан адамның орталық жүйке жүйесі мен ішкі ағзалар жұмысының бұзылуымен сипатталады. Екінші сатысы психология тұрғысынан келгенде адам үрейге, қорқынышқа бой алдырып, мидың жұмысына кері әсер етуімен көрініс береді. Ал соңғысы мидың жүйке жасушалары келіп жатқан алкогольдің көп мөлшеріне шыдас бермегендіктен, адам араққа тіптен салынып кетеді. Бұл ең ауыр саты болып есептеледі.
Орталық жүйке жүйенің жасушалары зақымданған науқастың ақыл-есінде де айтарлықтай өзгерістер орын алады. Ағзаға сіңген алкоголь бірден тарап кетпей, бір-екі тәулік бойы сақталатыны бар.
3. Алкогольдің бауырға кері әсерін тигізетін екі нақты себеп бар:
1. Тотықтандырылған стресс. Алкогольдің адам денесінен шығу үшін бауырдың рөлі зор дегенді айттық. Міне, көп жұмыс атқарған бауыр жасушасы химиялық реакциядан кейін қатты зардап шегеді. Өзін-өзі емдеуге тырысқан ол қабынып, тыртықтанып кетуі әбден мүмкін.
2. Ішек бактерияларындағы токсиндер. Алкоголь ішекке де залалын тигізетіндіктен, сондағы бактериялар бауырға өтеді. Ол да қабынуға алып келуші фактор.
4. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары - ишемиялық ауру, инсульт, жүрек соғысы, дистония, гипертония, қан тамырларының сынғыштығы, тромбоз;
Жүрек–қан тамырлар жүйесінің аурулары: темекі түтініндегі көміртегі тотығының және никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, аяқ – қол тамырларының ішкі саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды.
5.Көру. Темекі түтінінен көру қабығының патологиясы дамиды, бояулар түтікше, қоңыр және сұр болады. Уақыт өте келе, мұндай ақау толық дальтонизмнің себебі болуы мүмкін.
6. Ең қа­уіптісі – бүйректің жұмысын бұ­зады. Ішімдікті күнделікті ке­мін­де 800 грамнан ішетін адамда ағ­зада ақуыздың жетіспеушілігі бір­те-бірте байқала бастайды. Бұл ауруды емдемеген жағдайда бүй­ректің бір бөлігі өледі.
7. Алкоголь ағзада тұрған кез­де тірі клеткалар тез жойылады, ткань жаңармайды. Ішімдік адам­ның репродуктивті қызмет ат­қа­ру органдарының жұмысын тоқ­татады. Осының зардабынан әйел бедеулік ауруына ұшырауы ық­тимал. Ал жүкті болған жағ­дай­да ішімдік қолданатын әйел­дердің болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туы­луы мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде ал­коголь әйелдердің бетін дом­бықтырып, оның табиғи әсем­ді­гін жояды. Көз қарашығының оты кетеді, бет үнемі қызарып тұ­рады, шаштың түсуі, керісінше мұрт­тың шығуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет