№1 қыздар жатақанасында 6В01513-Биология білім беру бағдарламасының студенттерімен ұйымдастырылған тәрбие сағатының ХАТТАМАСЫ №__
Тақырыбы: «Жақсы өмір сүремін десең...»
Тәрбие сағатының өткізілген күні: 17.02.2023 ж. Уақыты: 19:00-20:00
Қатысқандар: 1.6В01513-Биология білім беру бағдарламасының студенттері
2.Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері
3.Биология кафедрасының оқытушысы, доцент м.а. PhD Салыбекова Н.Н.
4.7М01507- Биология білім беру бағдарламасының магистранттары: Дүйсенбай А., Жаңабекқызы С.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Жақсы өмір сүрем десең...» І. Мақсаты: - темекі мен ішімдіктің зиянын білімгерлерге түсіндіру;
- қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу;
- зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту, студенттердің ой-пікірін ортаға салу;
- салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды нәрселерден қашық болуға тәрбиелеу;
- коммуникативтік – студенттердің өз ойын ортаға салуды, көзқарасын білдіруді, өз ой-пікірін ашық жеткізе алуды дамыту;
- проблеманы шешу - зиянды әдеттерден арылудың жолын іздеу, амалын ұсыну
ІІ. Көрнекілігі:Слайд, интерактивті тақта, плакат, кеспе қағаздары, үлестірме жабыстырма қағаздар
ІІІ. Кіріспе сөз Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсы өмір сүремін десең» тақырыбы аясында өткізілмек.
Тақырыбымызға байланысы «Салауатты өмір сүру дегеніміз не?» деген сұрақ пайда болады. Ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері. Ендеше бейнероликке назар аударайық. “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Мәселен, шылым шегу. Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, сілемейлі қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе, дене тырысып өліп кетуі мүмкін. Никотин ағзаға бірден емес, шамалап енеді, сондықтан да, шылым шегуші қатты уланбайды. Ол біртіндеп болады. Ас қорыту жүйесінің, жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер болуы мүмкін.
Неғұрлым шылымның сапасы төмен болған сайын, соғұрлым оның құрамында никотин көп болады.
Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады, сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғарғы тыныс жолына түседі. Әдетте, ондай нәрсе үйреншікті болмағандықтан алғашында жөтел пайда болады, бірақ егер де шылым шегу тұрақталатын болса, ағзаға енетін ауаны фильтрлеп өткізетін тітіркендірілгіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп, көп жағдайда бронхиттің асқынған түріне әкеліп соғады. Тыныс жолымен түтін бронхы негізіне қарай жылжыған сайын никотиннің зиянды әсері күшейе түседі. Жекеленген химиялық заттар оттегімен реакцияға түскен сайын улы газды түзіп, кейін ол бүкіл ағзаға тарайды. Ұзақ уақыт иісті газбен уланудың нәтижесіндеқанның аяқ, қол саусақтарына ағымы азаяды, оның салдарынан инфекциялану болып, ампутацияға ұшырауы мүмкін.