І жүргізуші: Ендеше бірінші кезеңімізді бастаймыз. Өнерпаздарымызды қарсы алыңыздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз 6 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып бірінші кезеңіміз таныстыру кезеңін бастаймыз.
І жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы – дей келе біз екінші кезеңімізді бастаймыз. Екінші кезең бойынша әр ұлт құттықтау тілектерін айтады.
ІІ жүргізуші: Жарасымдылықтың шынайы көрнісі ұлыттар достығымен халық бірлігі. Ендеше үшінші кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әр ұлт өз өнерін көрсетеді.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! Келесі кезеңде төртінші кезең Ұлттардың сән үлгілерін тамашалаймыз.
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде- дей отырып, өзге ұлыт өкілдеріне тапсырма, достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтел айту.
І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей келе алтыншы кезеңімізді бастаймыз. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Ол тағамның аты, қалай жасалғандығын және қандай көкеністерден дайындалатынын айтып өту керек.
ІІ жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына әр қашан бас иеміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз! Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: келесі кезекте мектебіміздің директоры Айнагүл Жұмабекқызына сөз кезегін берейік.
І жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» - деп, көргенділікпен Елбасымыз атап өткен. Біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Әр қашан көгімізде көк байрағымыз желбіреп, жастарымыздың руқы көтеріңкі, көршіміз тыныш, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын. Осымен бүгінгі мерекелік іс- шараны аяқтаймыз, келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!