Сәлемдесу: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады Мұғалімнің кіріспе сөзі: Шаттық шеңберінде: Ризашылық
- Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Ризамын бүгінгі күнге,
Ризамын ата-анама,
Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,
Ризамын саған!
Ризамын, ризамын!,
Мұғаліммен орыннан тұрып амандасады. ҚР Әнұранын орындайды.
формативті
Әнұран (musik.nur.kz), ноутбук
7 мин
Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Топқа бөлу.
Нұсқау: 3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
1)Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2)Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3)Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты ?
Бейнекөрсетілім: "Қазақстан - бейбітшілік және келісім бесігі", "Ризамын" әні Бейнекөрсетілім туралы не айта аласыз? Не ой түйдіңіз?
Оқушылар түстердің санаттары бойынша топқа бөлінеді.
Бейнекөрсетілім көреді.